Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 29 · қабылданған 15.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50807/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·15.02.2010
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
15.02.2010
Көрсетілген редакция
17.10.2011 50807_191446.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10S0001742
ЭКБ идентификаторы
50807
Редакция идентификаторы
50807_191446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:02

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 17) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-4) тармақшасы, 18-1-бабына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/1 шешімі негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) ұйымдастырылады.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.

5 5. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан ай сайын 20 000 мөлшерінде ішінара өтеледі. Осы ретте жұмыс берушілер қосымша ақыны өз бетінше анықтайды.

6 6. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.

7 7. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

8

8. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 93 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2009 жылғы 4 мамыр Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1708 тіркелді, 2009 жылғы 15 мамыр «Солтүстік Қазақстан» газетінде, 2009 жылғы 15 мамыр «Северный Казахстан» газетінде жарияланды).

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы