Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 5
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 30.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2012 · қолданыстағы 50821_201341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZK000113
- ЭКБ идентификаторы
- 50821
- Редакция идентификаторы
- 50821_201341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:10
0 Тасқала ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы болып белгіленіп, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер бюджеттік мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығы болып айқындалып, әлеуметтік жұмыс орнын ашуды "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шарттық негізде жүзеге асырады.