Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сферах естественных монополий

Бұйрық · № 44-ОД · қабылданған 11.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50825/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сферах естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 44-ОД ·11.02.2010
19.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сферах естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 44-ОД · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сферах естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44-ОД
Қабылданған күні
11.02.2010
Көрсетілген редакция
19.06.2012 AI50825_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006072_
ЭКБ идентификаторы
50825
Редакция идентификаторы
AI50825_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:03

0 Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою департаменті (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының 2010 жылғы
11 ақпандағы № 44-НҚ және
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 53 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Табиғи монополиялар аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдердің деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығын айқындайды, олардың негізінде табиғи монополиялар субъектілерін (бұдан әрі – Субъектілер) бағалау және тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.

2

2. Осы Критерийлер Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк болып табылатын субъектiлерге таратылмайды.

3

3. Осы Критерийлерде тәуекел деп Субъектінің қызметі нәтижесінде тұтынушылардың заңды мүдделеріне оның зардап келтіру, сондай-ақ Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдалануға тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құқықтарына олардың салдарлар ауыртпалығының дәрежесін ескере отырып қысым жасау мүмкіндігі түсініледі.

4 4. Субъектілерді тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлу мақсатында тәуекелдерді бағалау осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес Тәуекелдер дәрежесін (бұдан әрі – Сапалық көрсеткіштер) бағалаудың сапалық көрсеткіштерінің негізінде жүзеге асырылады.

5 5. Сапалық көрсеткіштерде көрсетілген әрбір бұзушылыққа, ол болған жағдайда тиісті балл беріледі.

Егер Субъектінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі бірнеше Сапалық көрсеткіштерге тап болған жағдайда балл қосылады.

6 6. Сапалық көрсеткіштер бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылады.

7 7. Жиынтық қорытындының нәтижелері Субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.

8 8. Субъектілерді тәуекелдер дәрежесіне саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел тобына 31 және одан көп балл;
орташа тәуекел тобына – 11-ден 30-ға дейін;
шамалы тәуекел тобына - 0-ден 10-ға дейін бал алған Субъектілер жатқызылады.

9 9. Егер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы қандай да бір бұзушылықтар Субъектінің табыс (түсім) алуына әкелген жағдайда, онда сондай Субъект берілген балдың жиынтығына қарамастан жоғарғы тәуекел деңгейіне жатқызылады.

10 10. Тексеруге тап болған Субъектілер оларды тәуекелдер дәрежелеріне бөлу мақсатында Сапалық көрсеткіштердің негізінде тәуекелдер қайтадан бағалауға жатады.

11 11. Жоспарланып отырған тексерулердің саны Субъектілердің тәуекелдеріне жүргізілген бағалаудың нәтижесіне және тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының санына сүйене отырып белгіленеді.

12 12. Бір тәуекел тобының ішінен Субъектілерді іріктеуді уәкілетті орган мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырады:

1 1) тексеру жоспарына неғұрлым көп уақыт кезеңінде тексерілмеген Субъект кіреді (тексерілмеген кезеңді анықтағанда, жоспардан тыс тақырыптық тексерулер есепке алынбайды);

2 2) тексеру жоспарына неғұрлым көп балл жиынтығын алған субъектілер енгізіледі;

3 Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері

3) егер қаралып отырған Субъектілер көрсетілген параметрлер бойынша тең жағдайда болса, тексеру жоспарына реттеліп көрсетілетін қызмет түрлерінен жылдық табыс жиынтығы неғұрлым көп объект енгізіледі.
Табиғи монополия аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлеріне қосымша
Тәуекелдердің дәрежесін бағалаудың сапалық көрсеткіштері
р/с №
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­да­рын­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­дың бұ­зы­луы
Балл­дар бе­ру шар­ты
Балл­дар
1
За­ң­мен тый­ым са­лын­ған қыз­мет­ті көр­се­ту және өзге қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру, не За­ң­мен рұқ­сат еті­л­ген уәкі­лет­ті ор­ган­ның ти­іс­ті ке­лі­сі­мін­сіз қыз­ме­ті­нің өзге түр­ле­рін көр­се­ту
иә
5
жоқ
0
2
бар­лы­ғы өн­дiрiспен және рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­мен, сон­дай-ақ Заң­ға сәй­кес та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi үшiн рұқ­сат етiл­ген қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру­мен бай­ла­ны­сы жоқ мүлiк­ке мен­шiк және (неме­се) ша­ру­а­шы­лық жүр­гi­зу құқы­ғы­на ие бо­лу
иә
5
жоқ
0
3
мем­ле­кет­тік емес жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­нан, ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­ла­ры­нан, сон­дай-ақ та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі үшін Заң­да рұқ­сат еті­л­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын өзге де ұй­ым­дар­дан бас­қа, ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­рын (үле­сте­рін) ие­ле­ну­ге неме­се олар­дың қыз­ме­тіне өзге жол­мен қа­ты­су
иә
10
жоқ
0
4
уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген мөл­шер­ден аса­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін ақы алу
иә
10
жоқ
0
5
Заң­да көз­дел­ме­ген қо­сым­ша ақы алу­ға неме­се өзі­нің маз­мұ­ны бой­ын­ша рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мәніне қа­ты­сы жоқ (қар­жы­лық қа­ра­жат­тар­ды және өзге де мү­лік­ті, мү­лік­тік құқық­тар­ды және бас­қа­ны бе­ру) қо­сым­ша мін­дет­те­ме­лер­ді өзге түр­де та­ңу
иә
10
жоқ
0
6
пай­да­ла­ны­ла­тын стра­те­ги­я­лық та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар ұл­ғай­ты­ла­тын, сон­дай-ақ та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­риф­тік сме­та­ның бап­та­рын­да көз­дел­ген қа­ра­жат­ты бес про­цент­тен астам кө­те­ру
иә
3
жоқ
0
7
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiнiң рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­терiне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) қол жет­кi­зу шар­тта­рын кү­ш­теп та­ну неме­се тұ­ты­ну­шы­лар­ды кем­сiту­ге әкеп со­ға­тын өзге де iс-әре­кет­тер жа­сау
иә
10
жоқ
0
8
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) өн­дiр­ген және (неме­се) ұсын­ған кез­де тех­но­ло­ги­я­лық цик­л­да пай­да­ла­ны­ла­тын же­ке мен­шiк құқы­ғы­мен неме­се заң­ды негiз­де өзге­ше ти­есiлi мүлiк­тi сенiм­гер­лiк бас­қа­ру­ға, ли­зинг­тi қо­са ал­ған­да, мүлiк­тiк жал­дау (жал­ға бе­ру)
иә
10
жоқ
0
9
ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның се­кью­ри­ти­лен­ді­ру ту­ра­лы мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша та­лап ету құқық­та­рын бас­қа­ға бе­ру­ді қо­с­па­ған­да, ұсы­ны­ла­тын рет­те­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) бай­ла­ны­сты та­лап ету құқы­ғын бас­қа­ға бе­ру
иә
5
жоқ
0
10
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) кө­ле­мiн жо­сық­сыз тұ­ты­ну­шы­лар­дың тө­ле­ме­уiне бай­ла­ны­сты адал тұ­ты­ну­шы­лар­ға рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ұсы­ну­дан бас тар­ту
иә
10
жоқ
0
11
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) бай­ла­ны­сты емес шы­ғын­дар­ды олар­дың та­риф­терiне (ба­ға­лар­ға, алым­дар став­ка­ла­ры­на) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­iн ен­гi­зу
иә
10
жоқ
0
12
бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да (жо­ба­лар­да) көз­дел­ген қа­ра­жат­ты мақ­сат­сыз пай­да­ла­ну
иә
5
жоқ
0
13
мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар өздерiнiң құ­зы­ретi ше­гiн­де бел­гiле­ген, рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­тiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ақы та­лап ету
иә
5
жоқ
0
14
мы­на­лар: та­риф­тік сме­та­да қам­ты­ла­тын; рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу мен ор­на­ту шы­ғын­да­ры және ақы алу те­ті­гі, рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу және ор­на­ту ту­ра­лы; ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ком­мер­ци­я­лық құ­пия деп та­ну
иә
5
жоқ
0
15
ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым­дар став­ка­ла­рын) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерiн ес­ке­ре оты­рып, мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар өздерiнiң құ­зы­ретi ше­гiн­де бел­гiле­ген, ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) тұ­ты­ну­шы­лар­ды жал­пы­ға бiр­дей қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
16
тұ­ты­ну­шы­лар­ға рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) жа­са­ға­ны үшiн олар­дан Заң­да бел­гі­лен­ген өзге жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да өз кас­са­ла­ры, сон­дай-ақ банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­лерiн жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы тө­лем­дер қа­был­да­уды қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
17
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) тұ­ты­ну­шы­лар­ға тең жағ­дай­ла­рын, оның iшiн­де уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен тәр­тiп­пен рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) қол жет­кi­зудiң тең жағ­дай­ла­рын ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
18
та­риф­тiң (ба­ға­ның, алым став­ка­сы­ның) шек­тi дең­гейi бекiтiл­ген жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар үшiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) та­риф­тiң (ба­ға­ның, алым став­ка­сы­ның) шек­тi дең­гей­i­нен ас­пай­тын бiрың­ғай та­риф­тер (ба­ға­лар, алым став­ка­ла­ры) дең­гей­лерi бой­ын­ша ұсы­ну бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
19
За­ң­мен және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де заң­на­ма­лық ак­тiлерiн­де бел­гi­лен­ген тәр­тiп­ті бұ­зып шы­ғын­да­ры та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсiнiң рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­терiне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) та­риф­тi (ба­ға­ны, алым став­ка­сын) неме­се оның шек­тi дең­гей­iн және та­риф­тiк сме­та­лар­ды бекiту кезiн­де ес­керiлетiн қыз­мет­тер­дi (тaуapлap­ды, жұ­мыстар­ды) са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру
иә
5
жоқ
0
20
ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың мiн­дет­тi жыл сай­ын­ғы аудит­ті жүр­гi­зу бой­ын­ша неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гi­лен­ген тәр­тiп­те және мер­зім­де ауди­тор­лық есеп пен жыл­дық қар­жы есеп­тiлi­гiн жа­ри­я­лау бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау не ти­іс­ті емес орын­дау
иә
3
жоқ
0
21
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бiр түрi бой­ын­ша және тұ­тас ал­ған­да уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен тәр­тiп­пен өзге де қыз­мет бой­ын­ша кiрiстер­дiң, шы­ғын­дар мен қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген ак­тив­тер­дiң бө­лек есебiн жүр­гi­зу бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
22
та­риф­тiк сме­та­ны орын­да­мау, та­риф­тік сме­та­ның орын­да­луы ту­ра­лы неме­се оны ұсын­бау ту­ра­лы есеп бе­ру­ді орын­да­мау уа­қы­ты­лы ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
23
уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен тұ­ты­ну­шы­лар­дың және өзге де мүд­де­лі тұ­лға­лар­дың ал­дын­да­ғы рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жө­нін­де­гі жұ­мысы ту­ра­лы жыл сай­ын­ғы есеп бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
24
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкi­метi бекiт­кен үл­гi шар­ттар­ға сәй­кес ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бiр түрiне, сон­дай-ақ ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн өзге де қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бiр түрiне және (неме­се) жиын­тығ­ы­на тұ­ты­ну­шы­лар­мен же­ке шар­ттар жа­сау бой­ын­ша мін­дет­тер­ді орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
25
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­кіт­кен ын­ты­мақ­та­стық­тың үл­гі шар­тта­ры­на сәй­кес кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру ор­га­ны­мен олар­ға рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­ріне ын­ты­мақ­та­стық шар­тта­рын жа­сау бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
26
тұ­ты­ну­шы­лар­мен жа­сал­ған шар­ттар­ға сәй­кес рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу­ға және олар­ды тұ­ты­ну­шы­лар­ға ор­на­ту бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
27
есеп­теу ас­па­бы iстен шық­қан жағ­дай­да, есеп­теу ас­пап­та­ры­ның ор­та­ша ай­лық көр­сет­кi­ш­терi бой­ын­ша рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін уәкiлет­тi ор­ган бел­гiле­ген тәр­тiп­пен ақы өн­дiрiп алу бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
28
заң­на­ма­да бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен уәкiлет­тi ор­ган­ның келi­сі­мін­сіз негiз­гi құ­рал­дар­ға қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гi­зу
иә
5
жоқ
0
29
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ұсы­ну­ға шар­ттар жа­са­су кезiн­де тұ­ты­ну­шы­лар құқық­та­рын бұ­зу
иә
10
жоқ
0
30
Заң­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым­дар став­ка­ла­рын) тө­мен­де­ту ту­ра­лы уәкiлет­тi ор­ган мен тұ­ты­ну­шы­лар­ды ха­бар­дар ет­пеу
иә
10
жоқ
0
31
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­да­ры тиiсiн­ше өзгер­тiлiп, со­ның нәти­же­сiн­де та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi шы­ғын­да­ры­ның құ­ны азай­ған жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар үшiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым став­ка­ла­рын) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерiн атал­ған өзгерiстер қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген күн­нен ба­стап уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен тәр­тiп­пен тө­мен­де­ту бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
32
мүлiк­тi мем­ле­кет мен­шi­гiне бе­ру жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, өн­дiрiс­ке және рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­ға ар­нал­ған мүлiк­тi тен­дер ны­са­нын­да­ғы са­уда-сат­тық­та иелiк­тен ай­ы­ру бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
33
уәкі­лет­ті ор­ган бел­гiле­ген тәр­тiп­пен та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiнiң рет­те­летiн қыз­мет түр­лерi бой­ын­ша кiрiстер­дi, шы­ғын­дар мен тар­ты­л­ған ак­тив­тер­дi бө­лек есеп­ке алу әдiсте­месiн әзiр­леу және ке­лі­су бой­ын­ша мін­дет­ті орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
34
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­рі­нің бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ла­рын (жо­ба­ла­рын) орын­да­мау
иә
5
жоқ
0
35
Заң­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін ті­ке­лей пай­да­ла­на­тын ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, отын, энер­гия шы­ғы­сы­ның тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық нор­ма­ла­рын бес про­цент­тен астам кө­те­ру
иә
5
жоқ
0
36
нор­ма­тив­тен тыс ысы­рап­тар болған жағ­дай­да олар­ды жою жө­нін­де іс-ша­ра­лар жос­па­рын әзір­леу және іс­ке асы­ру мін­де­тін орын­да­мау
иә
3
жоқ
0
37
нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар­дың дең­гей­ін уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ша­ма­ға және мер­зім­ге тө­мен­дет­пеу
иә
3
жоқ
0
38
та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­ле­рі­нің уәкі­лет­ті ор­ган­ға ақ­па­рат­ты, есеп­ті, ес­кер­ту­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де неме­се бел­гі­лен­ген мер­зім­ді бұ­зып (көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­дың әр қай­сысы­на же­ке балл қо­сы­ла­ды) ұсын­бау
иә
3
жоқ
0
39
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерi өті­нім­ді уәкі­лет­ті ор­ган­ға та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым­дар став­ка­ла­рын) және та­риф­тiк сме­та­лар­ды жал­пы қай­та қа­рау үшiн, Заң­да бел­гі­лен­ген жағ­дай­да жал­пы тәр­тіп­пен ал­ты ай­дан ке­шiк­тiр­мей өтiнiм ұсын­бау
иә
5
жоқ
0
40
Заң­ның 18-1-ба­бын­да көз­дел­ген іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ке­лі­сім бе­ру ту­ра­лы өті­ніш­ті уәкі­лет­ті ор­ган­ға уа­қы­ты­лы ұсын­бау
ия
5
жоқ
0
Ескерту: Заң – «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Қолданыстағы