Құжат мәтініне өту

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Қаулы · № 7 · қабылданған 12.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-50838/?version=50838_191576.kaz
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 7 ·12.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 7 · қабылданған 12.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
12.01.2010
Көрсетілген редакция
14.01.2011 · қолданыстағы 50838_191576.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
14.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DI000098
ЭКБ идентификаторы
50838
Редакция идентификаторы
50838_191576
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:20

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ескелді ауданының аумағында халықтың нысаналы тобына  жататын азаматтарға әлеуметтік қорғау жүргізу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. "Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген) әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шарт жасасатын уәкілетті орган болып табылсын.

3 3. Уәкілетті орган:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін жүргізуді қамтамасыз етсін;

2 2) уәкілетті органда тіркелген халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төленген шығынның ішінара өтемақысын бекітілген мөлшерде жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ. Әлібаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Ескелді ауданы әкімдігінің

12 қаңтардағы 2010 жылға
"Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді
іріктеу тәртібін айқындау
туралы" N 7 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

1

1. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін құрылады және уақытша сипатта болады. Оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды. Жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.

2 2. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тапсырыс береді.

3

3. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушімен шарт жасасады. Шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі мен жұмыстың көлемі, еңбекақының шарттары мен мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілген жұмыссыздардың саны, жұмыс уақыты көрсетіледі.

4 4. Уәкілетті орган жұмыссыздарды тиісті әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдама береді.

5 5. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, қауіпсіздік техника нормасына сәйкес жұмыс орнын береді және жұмысқа қабылдау жөнінде келісім шартты уәкілетті органға жібереді.