Құжат мәтініне өту

Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 02/25 · қабылданған 12.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50845/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 02/25 ·12.02.2010
13.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 02/25 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02/25
Қабылданған күні
12.02.2010
Көрсетілген редакция
13.02.2012 · қолданыстағы 50845_216980.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KJ000102
ЭКБ идентификаторы
50845
Редакция идентификаторы
50845_216980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:02

0 Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес, нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.

2 2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске асыруды жүзеге асырсын.

3 3. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.

4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ақтоғай ауданының әкімдігінің

2010 жылғы 12 ақпандағы
"Ақтоғай ауданында нысаналы
топтағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін бекіту
туралы және әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру туралы"
N 02/25 қаулысына
қосымша
Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім тапсырады.

2

2. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде мынадай талаптарды ескереді; кәсіпорынның төлеу қабілеті, еңбекақының уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормаларына сай болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыздарға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.

3

3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде Уәкілетті органмен келісім–шарт жасайды. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемдері, түрлері, еңбек төлемдерінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі және көздері, жіберілген жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдалану мүмкін емес.

4 4. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру үшін жолдамаларды береді.

5 5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдайды, онымен келісім-шартын жасайды, қауіпсіздік техникасы нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу мерзімі алты айға дейін.

6

6. Жұмыс берушілер бюджет қаражатынан еңбек ақысын төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-сына дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте; жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік органдарға қабылданған жұмыскерлер туралы және орындалған жұмыстардың есебін тапсырады.

7 7. Нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

Қолданыстағы