Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам

Қаулы · № 4 · қабылданған 11.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50870/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам Күшін жойған Қаулы ·№ 4 ·11.01.2010
16.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам

Күшін жойған Қаулы ·№ 4 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительных видов социальной помощи инвалидам
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
11.01.2010
Көрсетілген редакция
16.02.2011 AI50870_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NJ000134
ЭКБ идентификаторы
50870
Редакция идентификаторы
AI50870_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:21

0 Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3606 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 52-53 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлері:

1 1) мүгедек-балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне байланысты шығындардың орнын толтыруға есеп айыратын құжаттар негізінде тексерілу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;

2 2) операцияларға - 15000 теңге сомасында;

3 3) санаториялық-курорттық емделуге барып-келуіне байланысты, көлік шығындарының орнын толтыруға, 2000 теңге мөлшерінде;

4 4) Халықаралық балаларды қорғау күніне орай - мүгедек-балаларға тиісті жылға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.

2 2. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

Әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке немесе карт-шотына ақша қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.

3 3. Осы қаулының 1 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:

өтініш; азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; салық төлеуші куәлігінің көшірмесі; мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі; Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан анықтама (келісім бойынша).

4

4. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 16 әкімдік қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы