Об организации общественных работ в Аккайынском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Аккайынском районе
- Атауы (қаз.)
- Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 11.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2010 50875_190249.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SB000113
- ЭКБ идентификаторы
- 50875
- Редакция идентификаторы
- 50875_190249
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:04
0 Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5-тармақшасына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аққайың ауданында жергілікті бюджеттің қаражат есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғамдық жұмыстарға 310 адам санында сұраныс және ұсыныс анықталсын.
3 3. Қосымшаға сәйкес ұйымдарында қоғамдық жұмыстар өткізілетін болатын және қоғамдық жұмыстарын түрлерін Тізілім (әрі қарай мәтін бойынша – Тізілім) бекітілсін.
4 4. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңымен орнатылған ең аз жалақысынан төмен емес қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбек ақының мөлшері бекітілсін.
5 5. Аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізілімге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
6 6. Бекітілген Тізілімге сәйкес селолық округ әкімдері жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тартуды көлемдерде және түрлері бойынша қамтамасыз етсін.
7 7. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржыландыруды уақытында қамтамасыз етсін.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М. Нүркеновке жүктелсін.
9 9. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
«Аққайың аудандық мұрағат»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д.А. Досщанова
10 Аққайың ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 21 қаулысымен
бекітілді
Қоғамдық жұмыстар мен қоғамдық жұмыстардың түрлері өткізілетін ұйымдардың Тізілімі
Ұйымдардың
атауы
Жұмыс
орны
Қоғамдық жұмыстардың
түрлері
Қаржыландыру
көздері
«Аққайың
аудандық
мұрағаты»
мемлекеттік
мекемесі
5 адам
1. Құжаттарды сақтауға
даярлау және өңдеуге
көмек көрсету;
Жергілікті
бюджет
«Аққайың
ауданы
селолық
округ
әкімдерінің
аппараттары»
305
адам
2. Құжаттарды сақтауға
даярлау және өңдеуге
көмек көрсету;
3. Шаруашылық кітаптарын
құру және үй
шаруашылығының санағына
көмектесу;
4. Қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету құқықтық
қорғау органдарға
көмектесу;
5. Ауыл аумақтарды
көгалдандыру және
көркейту;
6. Мұз қалашықтарының
құрылыстарында қосалқы
жұмыстарды орындау;
7. 18 жасқа дейінгі
балалары бар отбасыларға
мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау кезінде
жұмыспен қамту мәселесі
бойынша көмек көрсету;
8. Оралмандарды
жайғастыру және қабылдау
бойынша тапсырмаларды
орындау;
9. Мемлекеттік
мекемелерде және
бюджеттік ұйымдарда жағу
кезеңінде жағушы болып
жұмыс істеу;
10. Күзгі және көктемгі
тасқындарға байланысты
мелиоратив жұмыстарын
жүргізу;
Жергілікті
бюджет
Қорытынды
310