Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 19.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2011 50877_190493.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SA000173
- ЭКБ идентификаторы
- 50877
- Редакция идентификаторы
- 50877_190493
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:59
0 Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 20-бабына, 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес.
2 2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемі мөлшерлері бекітілсін, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес.
3 3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсатқа көзделген «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» 451-002-100 бағдарламасы бойынша қала бюджетінің қаражаты шегінде қамтамасыз етсін.
3-1 3-1. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
3-2
3-2. Қоғамдық жұмыстардың шарттары 5 (бес) күн ұзақтығымен, екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) жұмыс аптасы, сегіз сағаттық жұмыс күні, 1 (бір) сағат түскі үзіліс белгіленген, еңбек жағдайларын ескеріп жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен көзделген жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады.
4 4. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мишнев В.И.):
1 1) жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін, бекітілген тізбеге сәйкес;
2 2) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстар орындауға шарт жасасын.
5
5. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қала әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 662 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-157, «Қызылжар нұры» және «Проспект СК» газеттерінде 2009 жылғы 17 тамызда жарияланған).
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12 Петропавл қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 19 ақпан № 182
қаулысына 1-қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері
№
Кәсіпорындар мен
ұйымдардың
атауы
Жұмыс
орындары
Қоғамдық
жұмыстардың
түрлері
Жұмыс
көлемі
Қоғамдық жұмыстардың
ұзақтығы
(ай)
Қаржыландыру
көзі
1
«Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
200 адам
Қала аумағын жинауға көмек көрсету;
аумақтарды көгалдандыру және абаттандыруға көмек көрсету;
мұзды қалашықтарды тұрғызуда қосымша жұмыстарды орындауға көмек көрсету
50400000 шаршы метр
63500 шаршы метр
18000 дана мұз блогі
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
2
«Солтүстік Қазақстан облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халықтың әлжуаз топтары қатарына алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету (есірткі инъекцияларын тұтынушылар);
5000 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелер өткізу барысында маманға көмек
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
3
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық наркологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
5 адам
Қаланың оқу орындарында есірткі инъекциялары мен алкогольді тұтынушы жастар арасында алдын алу жұмыстарына көмек көрсету
2880 адамды қамтумен дәрістер, әңгімелесулер өткізу
барысында маманға көмек
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
4
«Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
34 адам
Халыққа қызмет етудің
сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында
мәліметтер дерек қорын
жасауға көмек көрсету; құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, анықтауға учаскелік инспекторларға көмек көрсету
3000 іс
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
5
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмектесу;
салық төлеу бойынша хабарландыру тапсыру
44000
құжат
22600 хабарлама
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
6
«Петропавл қаласы әкімінің
аппараты»
мемлекеттік мекемесі
12 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындау;
ксерокөшірме жасауға, материалдарды жіберуге және жеткізуге көмек көрсету;
қала аумағында халықпен қоғамдық науқандар ұйымдастыруға және жүргізуге көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
7
«Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
6 адам
Иесіз мүлік ретінде жер телімдерін тексеруге, таңдауға акт жасауға, оларды есепке қоюға көмек; мұрағаттық құжаттарды өңдеу
5000 құжат
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
8
«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесі
10 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету; мұрағаттық құжаттарды өңдеу; курьер жұмысы
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
9
«Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Мерейтойлық салтанаттарды, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу
Құжаттардың жинақталуына қарай
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
10
«Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітаптарын жасауға көмек
10132 ауланы аралып шығу
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
11
«Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне түгендеу жүргізуге және иесіз жылжымайтын объектілерінің есебін реттеуге көмек
1200
тұрғын үй объектісін тексеру
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
12
«Петропавл қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1 адам
Құжаттарды өңдеуге және сақтауға дайындауда көмек көрсету
300 іс
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
13
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Петропавл қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Туу туралы куәліктері жоқ балаларды айқындау өткізуге көмек көрсету
14000 құжат
12
Петропавл
қаласының
бюджеті
14
«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар жүргізуге қатысу (жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеулер), әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санатының деректер базасын жүргізу жөніндегі техникалық жұмыстарға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
15
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесі
10 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
16
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі
7 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
Құжаттардың жинақталуына қарай
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
17
«Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Құжаттарды өңдеуге сақтауға дайындауға көмек көрсету
3400 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
18
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
19
Солтүстік Қазақстан облыстық соты
12 адам
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеделдету мақсатында деректер базасын жасауға көмек көрсету
30000 құжат
10
Петропавл
қаласының
бюджеті
Жиынтығы:
333 адам
13 Петропавл қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 19 ақпан № 182
қаулысына 2-қосымша
Қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың арналған еңбекақы төлемінің мөлшері
№
р/р
Жұмыс түрлері
Бір жұмыссызға еңбекақы төлемінің мөлшері
Жұмыс тәртібі
1
Физикалық жүктемеге байланысты және ашық ауадағы жұмыстар (абаттандыру, қаланы тазалау, жөндеу және құрылыс жұмыстары)
ең төменгі еңбекақы мөлшерінен 1,5
40 сағаттық жұмыс аптасы
Жұмыс күні–8 сағат
2
Ғимаратта орындалатын және физикалық жүктемеге байланыссыз жұмыстар
1 ең төменгі еңбекақы мөлшері
40 сағаттық жұмыс аптасы
Жұмыс күні – 8 сағат