Об утверждении критериев оценок степеней рисков субъектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, государственного архитектурно-строительного контроля и лицензирования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев оценок степеней рисков субъектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности и местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, государственного архитектурно-строительного контроля и лицензирования
- Атауы (қаз.)
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 18.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2011 50879_375787.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006075_
- ЭКБ идентификаторы
- 50879
- Редакция идентификаторы
- 50879_375787
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:00
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес тиісінше қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаментінің директоры (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасы Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 82
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Құрылыс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң) және "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңдарына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғым пайдаланылады:
тәуекел – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ғимараттар мен құрылыстардың қаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін тіреу құрылыс құрастырмаларының конструкциялық беріктігінен айрылу ықтималдығы.
2 2. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін айқындау
3 3. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік дәрежелерін ескере отырып белгіленген объективті факторларды ескере отырып айқындалады.
Объективті критерийлер бойынша субъектілер мынадай тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1 1) жоғары тәуекел дәрежесі бар бірінші топ – жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер;
2 2) орташа тәуекел дәрежесі бар екінші топ – жауапкершілігі екінші деңгейдегі объектілер;
3 3) төмен тәуекел дәрежесі бар үшінші топ – жауапкершілігі үшінші деңгейдегі объектілер.
4 4. Белгіленген жауапкершілік деңгейлеріне байланысты жобалау процесінде объектілер жоғары, орташа не төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.
5 5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің жауапкершілік деңгейлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1656 қаулысымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесіне сәйкес белгіленеді.
2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасы Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 60 және
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпандағы № 82
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Құрылыс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң) және "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңдарына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) тәуекел – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында әкімшілік рәсімдерді орындау процесінде белгіленген талаптарды бақылау субъектілерінің бұзуы, бұл мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерге зиян келтіруі мүмкін;
2 2) бақылау субъектілері – мынадай жергілікті атқарушы органдар:
сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі;
құрылыс істері;
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау.