Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в области использования атомной энергии

Бұйрық · № 33 · қабылданған 15.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50881/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в области использования атомной энергии Күшін жойған Бұйрық ·№ 33 ·15.02.2010
15.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в области использования атомной энергии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 33 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в области использования атомной энергии
Атауы (қаз.)
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
15.02.2010
Көрсетілген редакция
15.09.2011 AI50881_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006080_
ЭКБ идентификаторы
50881
Редакция идентификаторы
AI50881_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:02

0 Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (Т.М. Жантикин):

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Ә.М. Мағауовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
2010 жылғы 15 ақпанда
№ 33 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 19 ақпанда
№ 81 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) атом энергиясын пайдалану қызметімен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі – атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі және «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Критерийлерде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

тәуекел – оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектінің қызметінің нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүліктік мүддесіне залал келтіру ықтималдығы.

3 3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

объектінің ықтимал қауіп-қатер бойынша санаты (радиациялық және ядролық);
пайдаланылатын иондаушы сәуле көздерінің қауіп-қатер деңгейі;
атом энергиясын пайдалану саласында жүзеге асырылатын жұмыстардың радиациялық қауіп-қатер деңгейі.

4 4. Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер тәуекелдік дәрежесіне байланысты жоғары, орташа немесе болмашы тәуекел топтарына бөлінеді.

5

5. Жоғары тәуекел тобына ядролық қондырғыларды (реакторлық қондырғылар, энергетикалық реакторлардың ядролық отыны үшін уранның қос тотығынан таблеткалар шығаратын кәсіпорындар) пайдаланатын, пайдаланылған ядролық отынды тасымалдауды және ұзақ уақыт сақтауды жүзеге асыратын атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер жатады.

6 6. Орташа тәуекел тобына:

сәуле терапиясы үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
дефектоскопия жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін өндіруді жүзеге асыратын;
ғылыми-өндірістік қызмет үшін қуатты изотопты гамма-қондырғыларды пайдаланатын;
ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін пайдаланатын;
өз қызметінде өнеркәсіптік радиоизотопты аспаптарды; медициналық изотопты радиофармпрепараттарды пайдаланытын;
радиоизотопты иондаушы сәуле көздерін тасымалдауды жүзеге асыратын;
иондаушы сәулені генерациялайтын қондырғыларды пайдаланатын (зарядталған бөлшектер үдеткіші);
радиоактивтік қалдықтарды ұзақ уақыт сақтауды (көму) жүзеге асыратын;
құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле көздері бар жабдықтарды техникалық қызмет көрсетуді, монтаждауды, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді жүзеге асыратын атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер жатады.

7 7. Болмашы тәуекел тобына:

дефектоскопия жүргізу үшін рентген жабдығын пайдаланатын;
жабдықты рентгентелевизиялық тексеруді пайдаланатын;
рентген жабдықтарын шығаруды жүзеге асыратын;
рентген жабдықтарын техникалық қызмет көрсетуді, монтаждауды, бөлшектеуді, жөндеуді жүзеге асыратын;
уран өндіруші өнеркәсіпте қызметті жүзеге асыратын;
радиациялық оңалтумен және аумақты қалпына келтірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын;
төмен радиоактивті қалдықтарды жинау мен сұрыптауды, белсенділігі төмен радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын;
иондаушы сәуле көздері бар аналитикалық жабдықты (хроматографтар, рентгенфлюоресценттік талдағыштар, спектрометрлер) пайдаланатын;
атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын;
радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтар үшін көлік контейнерлерін, буып-түю жинақталымдарын шығаруды жүзеге асыратын;
жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумағында және басқа аумақта қызметін жүзеге асыратын;
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
иондаушы сәуле көздерін өткізуді жүзеге асыруды ұйымдастыратын;
атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтер үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлайтын қызметті жүзеге асыратын атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер жатады.

8 8. Тәуекел дәрежесі жоғары атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер үшін жоспарлы тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір рет, тәуекел дәрежесі орташалар үшін үш жылда бір рет, тәуекел дәрежесі болмашылар үшін бес жылда бір рет.

Қолданыстағы