Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 29.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2016 50897_72066.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NR000109
- ЭКБ идентификаторы
- 50897
- Редакция идентификаторы
- 50897_72066
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:11
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналасу үшін мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Л. Өтешева
2010.01.29