Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в области земельных отношений, геодезии и картографии и форм проверочных листов для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с воздействием на состояние земельных ресурсов, в сфере регулирования земельных отношений и в области геодезии и картографии

Бұйрық · № 19-П · қабылданған 11.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50901/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в области земельных отношений, геодезии и картографии и форм проверочных листов для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с воздействием на состояние земельных ресурсов, в сфере регулирования земельных отношений и в области геодезии и картографии Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-П ·11.02.2010
28.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в области земельных отношений, геодезии и картографии и форм проверочных листов для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с воздействием на состояние земельных ресурсов, в сфере регулирования земельных отношений и в области геодезии и картографии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-П · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в области земельных отношений, геодезии и картографии и форм проверочных листов для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с воздействием на состояние земельных ресурсов, в сфере регулирования земельных отношений и в области геодезии и картографии
Атауы (қаз.)
Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19-П
Қабылданған күні
11.02.2010
Көрсетілген редакция
28.03.2011 AI50901_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006082_
ЭКБ идентификаторы
50901
Редакция идентификаторы
AI50901_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:04

0 Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса берілген:

1 1) осы бұйрықтың тиісінше 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың тиісінше 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті (С.Ш. Сәрсенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы жер қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес жер қатынастары саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жер қатынастары саласындағы тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылу, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, ықтималдылығы;

2 2) бақылау субъектілері – жер ресурстарының жағдайына әсер ететін және жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылаудың субъектілеріне иелігінде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар жатады.

Көрсетілген бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бірінші кезекті және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.

4 4. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттың мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел тобына:

5 000 гектардан (бұдан әрі - га) астам бағара егістігі, 100 га астам суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына:

3 000 га-дан 5 000 га дейін бағара егістігі, 50 га-дан 100 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына:

300 га-дан 3 000 га дейін бағара егістігі, 10 га-дан 50 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.

5 5. Екінші кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:

1 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін:

жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жер эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлерді бір жылдан астам пайдаланбау – 10 балл;
егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық беру – 10 балл;
егістік және өнім түсімі бойынша статистикалық есептердің болмауы – 5 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;

2 2) жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының болмауы – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлердің өндірістік мониторингінің болмауы – 10 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
межелеу белгілерін жою – 5 балл.

6 6. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:

1 1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 25 және одан да жоғары балл;
жер қойнауын пайдалану саласында – 20 және одан да жоғары балл;

2 2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллдан 25 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллдан 20 баллға дейін;

3 3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллға дейін.

7 7. Бақылау субъектілері бір тәуекел ету дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мынадай тәртіпте жүргізіледі:

1 1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;

2 2) жер учаскесінің көлеміне байланысты;

3 3) келісім-шарттың ең қысқа мерзімі бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшін).

8 8. Жер қатынастарын реттеу саласында әрекет етуші субъектілерге жергілікті атқарушы органдар жатады, олар мынадай тәуекел дәрежелері бойынша үлестіріледі:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың және облыс орталығының, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдары;

2 2) орташа тәуекел дәрежесі – облыстық маңыздағы қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары;

3 3) төменгі тәуекел дәрежесі – селолық (ауылдық) округтердің жергілікті атқарушы органдары.

9 9. Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері басқа тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.

10 10. Әр бір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

1 Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Геодезия және картография саласында тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына сәйкес геодезия және картография саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1

1) геодезия және картография саласындағы тәуекел – мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызығының өту орнының, сондай ақ географиялық атаулардың өзгеруі нәтижесінде мемлекеттке зиян келтіруі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіру кезіндегі деректерді және мәліметтерді дұрыс бермеу, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып;

2 2) бақылау субъектілері – геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Әзірленетін және жүзеге асырылатын геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай геодезия және картография саласындағы бақылау субъектілері тиісті баллдар беріліп үш топқа бөлінген:

1 1) жоғары тәуекел тобына:

бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде топографо - геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектісі жатқызылады – 20 балл;

2 2) орташа тәуекел тобына:

жергілікті немесе шартты координаттар жүйесінде геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілері жатқызылады – 10 балл;

3 3) төмен тәуекел тобына:

Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына мәліметтер мен деректерді беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілеріне жатқызылады – 5 балл.

4 4. Жоғары тәуекел дәрежесіндегі субъектілер орташа немесе төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылмайды.

5 5. Орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер одан да жоғары және төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылуы мүмкін.

6 6. Бақылау субъектілері бір тәуекел дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мына тәртіпте жүзеге асырылады:

1 1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда тексеру үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі үлкен мемлекеттік бақылау субъектісі таңдалып алынады;

3 3) берілген балдар мен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі бірдей болған жағдайда тексеріс жоспарына ұзақ уақыттан бері тексерістен өткізілмеген (3 жылдың ішінде) мемлекеттік бақылау субъектісі енгізіледі;

4 4) тұтынушылар тарапынан арыздар, ақпаратты қорғау саласындағы бұзушылықтар, өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың, аспаптардың, бағдарламалық өнімдерді түгендеу туралы сертификаттардың қолданыс мерзімі бұзылғаны туралы мемлекеттік органдардың өтініштері болған жағдайда.

2 Жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ___________________________________
                                          (№, күні)
____________________________________________________________________
Субъектінің атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы _______________________________________
____________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Жер­ді қор­ғау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­дың бо­луы (жер­дi құ­нар­сызда­нуын, шө­лейт­те­ну­ін, су және жел эро­зи­я­сын, сел­ді, су ба­су­ды, бат­пақ­та­ну­ды, қай­та­лап сор­таң­да­ну­ды, құр­ғап ке­ту­ді, тап­та­лу­ды және то­пы­рақ­тың бұ­зы­луы­ның бас­қа да про­цес­сте­рін бол­дыр­мау бой­ын­ша аг­ро­тех­ни­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу)
2
Құқық­ты рас­та­у­шы және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның бо­луы
3
Жер заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген жер­лер­дің жағ­дайы және пай­да­ла­ну ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға уа­қы­ты­лы бе­ру (егі­стіктер және өнім бе­руі ту­ра­лы ста­ти­сти­ка­лық есеп­тер­дің бо­луы)
4
Ме­же­леу бел­гі­ле­рін сақ­тау
5
Бү­лін­ген жер­лер­ді қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, жер­дің құ­нар­лы­ғын және бас­қа да пай­да­лы қа­си­ет­те­рін қал­пы­на кел­ті­ру
6
Жер учас­ке­сі­нің жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы­ның бо­луы (аумақ­тар­ды ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы)
7
Өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сын қол­да­ну тәр­ті­бін сақ­тау (егі­стік ал­қап­тар­да дән­ді-да­қыл­дар­дың бір тү­ріне ға­на ба­сым­ды­лық бер­меу, егі­стік ай­на­лы­мын сақ­тау)
8
Бү­лін­ген жер­ді қай­та қал­пы­на кел­ті­ру жо­ба­сы­ның бо­луы
9
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ны­са­нын­да­ғы жер­лер­ді ти­ім­ді пай­да­ла­ну
10
Жер учас­ке­сі­нің ше­ка­ра­ла­ры­ның құқық­ты бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру­ші құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гі
11
Жер­ді пай­да­ла­ну­дың та­би­ғат­ты қор­ғау ре­жи­мін сақ­тау
12
Жер­лер­ді ны­са­на­лы мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
13
Уа­қыт­ша алып отыр­ған жер­лер­ді ны­са­на­лы та­ғай­ын­да­луы­на сәй­кес одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рай­тын жағ­дай­ға кел­ті­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дау
14
Жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат негі­зін­де зерт­теу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
15
Жер­дiң ла­ста­нуын, то­зуын, қо­қы­ста­нуын және то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­тын на­шар­ла­у­ын бол­дыр­мау, және де то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­тын алу, бұ­лай алу то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­ты­ның бiр­жо­ла жо­ға­луын бол­дыр­мау үшiн қа­жет болған жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да
16
Жер­ді пай­да­ла­ну мен қор­ғау мә­се­ле­ле­ріне қа­ты­сты бағ­дар­ла­ма­лар, жо­ба­лар мен схе­ма­лар­дың оң са­рап­та­ма­сы­ның бо­луы
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы, жеке кәсіпкер:
____________________________________________________ _____________
         (аты жөні, лауазымы)                           (қолы)

3 Жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы ___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт _________________________________
                                             (№, күні)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Субъектінің атауы ________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы _____________________________________
__________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі және жер учас­ке­ле­рін бе­ру­дің аук­ци­он­дық неме­се кон­кур­стық тә­сі­лі пай­да­ла­ныл­май­тын жағ­дай­лар­ды ес­кер­ме­ген­де, са­уда сат­тық­ты (аук­ци­он­дар, кон­кур­стар) өт­кі­зу­сіз жер пай­да­ла­ну­ға бе­ріл­ме­ген жер учас­ке­ле­рін неме­се жер учас­ке­ле­рін жал­дау құқы­ғын бе­ру
2
Жер учас­ке­сіне ти­іс­ті құқық­ты бе­ру ту­ра­лы же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін (ары­зда­рын) қа­рау мер­зі­мін сақ­тау
3
Сұ­рау са­лы­нып отыр­ған жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды және жер ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мін әзір­леу мер­зім­де­рін сақ­тау
4
Жер ко­мис­си­я­сы­ның оң қо­ры­тындысы негі­зін­де және бе­кі­ті­л­ген жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы­на сәй­кес жер учас­ке­сіне құқық­ты бе­ру
5
Жер учас­ке­ле­ріне құқық­ты бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­дау мер­зі­мін сақ­тау
6
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жер учас­ке­ле­ріне құқық­ты бе­ру ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­дау мер­зі­мін сақ­тау
7
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де жер учас­ке­сіне ти­іс­ті құқық­ты бе­ру
8
Жер учас­ке­сі­нің негіз­гі ны­са­на­лы та­ғай­ын­да­луы­на қай­шы кел­мей­тін мақ­сат­тар­ға ор­ман, су қо­ры жер­ле­рі са­на­ты­нан, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи ай­мақ­тар­дан жер учас­ке­сіне құқық бе­ру
9
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген тек ерекше жағ­дай­лар­дың тіз­бе­сіне ене­тін жағ­дай­лар үшін мем­ле­кет мұқ­та­жы­на жер учас­ке­сін кү­ш­теп алып қою ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау
10
Жер заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген нор­ма­лар ше­гін­де жер учас­ке­сін же­ке мен­шік­ке те­гін бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау
11
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген мақ­сат­тар­ға және мер­зім­де уа­қыт­ша ақы­сыз жер пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру
12
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген шет ел­дік­тер­ге неме­се аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға жер­ге мен­шік құқы­ғын бе­ру
13
Уа­қыт­ша өте­улі (жал­дау) жер пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­тты жа­сау мер­зі­мін сақ­тау
14
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қа­был­дан­ған ти­іс­ті ше­шім­дер­дің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ше­шім­де­рі­нің кө­шір­ме­ле­рін бе­ру мер­зім­де­рін сақ­тау
15
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­рын бір түр­ден екін­ші­сіне ауы­сты­ру тәр­ті­бін сақ­тау
16
Жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды бе­ру рет­ті­лі­гін сақ­тау
17
Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгер­ту ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау мер­зі­мін сақ­тау
18
Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгерт­кен жағ­дай­да сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­рын қай­та рә­сім­деу мер­зі­мін сақ­тау
19
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру құ­жат­та­ма­ла­рын бе­кі­ту­дің бел­гі­лен­ген тәр­ті­бін сақ­тау
20
Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы үшін, ар­найы жер қо­рын­да жер­лер­дің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
21
Жер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу, есеп­ке алу және ба­ға­лау мә­лі­мет­те­рі­нің нақ­ты­лы­ғы
22
Мем­ле­кет­тік жер ка­даст­рын дұ­рыс жүр­гі­зу
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
Басшысы:
_____________________________________________________ ____________
         (аты жөні, лауазымы)                            (қолы)

4 Геодезия және картография саласында қызмет атқаратын субъектілерді тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 19-П және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 58 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Нысан
Геодезия және картография саласында қызмет атқаратын субъектілерді тексеру парағы
Органның атауы _____________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ___________________________________
                                               (№, күні)
____________________________________________________________________
Субъектінің атауы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайлары ____________________________________
____________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды өн­ді­ру­ге ли­цен­зи­я­ның бо­луы
2
Ли­цен­зи­я­лау ере­же­ле­ріне және жер­ге ор­на­ла­сты­ру, то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды өн­ді­ру­ге бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес құ­жат­тар­дың бо­луы
3
Әу­е­фо­то тү­сі­рім­ді жүр­гізу­ге рұқ­сат­тың бо­луы
4
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды өн­ді­ру­ге тех­ни­ка­лық жо­ба­лар­дың (тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­лар неме­се тех­ни­ка­лық ерекше­лік неме­се ке­лі­сім-шар­ттар) бо­луы
5
Гео­де­зия және кар­то­гра­фия са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры және ар­найы ор­та бі­лі­мі бар ма­ман­дар­дың бо­луы
6
Ма­те­ри­ал­дық тех­ни­ка­лық ба­за­ның гео­де­зия және кар­то­гра­фия са­ла­сын­да­ғы құқық­тық ак­ті­лер­ге және тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кес ке­луі
7
Гео­де­зи­я­лық өл­шеу құ­рал­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын ас­пап­тар мен жаб­дық­тар­ды тү­ген­деу ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар­дың бо­луы
8
Да­ла­лық және ка­ме­рал­дық жұ­мыстар өнім­де­рін тех­ни­ка­лық ба­қы­лау және қа­был­дау жүй­е­сі­нің бо­луы
9
Жер бе­ті объ­ек­ті­ле­рі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­ның, әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер ара­сын­да­ғы ше­ка­ра­лар­дың кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­да көр­се­ту­дің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
10
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық, аэро­ға­ры­штық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді есеп­те­удің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
11
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық, аэро­ға­ры­штық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді сақ­тау жағ­дай­ы­ның нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
12
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды неме­се әу­е­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­ді жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді кө­бей­ту ере­же­ле­рін сақ­тау
13
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гі мүд­де­ле­рін ес­ке­ре оты­рып гео­де­зи­я­лық-кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды неме­се әу­е­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­ді жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық неме­се кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін сақ­тау
14
Ұлт­тық кар­то­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық қор­ға то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­дың және аэро­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­дің ма­те­ри­ал­да­рын бе­ру тәр­ті­бін сақ­тау
15
Құ­пия ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс жа­сай­тын субъ­ек­ті­лер­де рұқ­сат­тар­дың бо­луы
16
Құ­пия және ҚПҮ бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар­ды есеп­ке алу, сақ­тау және бе­ру ере­же­ле­рін сақ­тау
17
Гео­де­зи­я­лық пункт­тер­ді қор­ғау жө­нін­де­гі ере­же­лер­ді сақ­тау
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
________________________ __________ ______________________________
       (лауазымы)           (қолы)             (аты жөні)
Басшы:
_____________________________________________________ ____________
         (аты жөні, лауазымы)                            (қолы)

Қолданыстағы