О передаче и переименовании государственного учреждения "Байконырбаланс" Национального космического агентства Республики Казахстан из ведения Национального космического агентства Республики Казахстан в ведение Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О передаче и переименовании государственного учреждения "Байконырбаланс" Национального космического агентства Республики Казахстан из ведения Национального космического агентства Республики Казахстан в ведение Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 26.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI50913_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000139_
- ЭКБ идентификаторы
- 50913
- Редакция идентификаторы
- AI50913_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:54
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 9-жолда:
3-бағандағы «22 793» деген сандар «22 808» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «75» деген сандар «90» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Байқоңырбаланс
15
»;
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
85
»;
3 3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі».