Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении перечня финансовых инструментов для инвестирования активов фонда социального медицинского страхования

Қаулы · № 210 · қабылданған 14.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50931/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об определении перечня финансовых инструментов для инвестирования активов фонда социального медицинского страхования Күшін жойған Қаулы ·№ 210 ·14.04.2016
29.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня финансовых инструментов для инвестирования активов фонда социального медицинского страхования

Күшін жойған Қаулы ·№ 210 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня финансовых инструментов для инвестирования активов фонда социального медицинского страхования
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
210
Қабылданған күні
14.04.2016
Көрсетілген редакция
29.08.2023 50931_688692.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000210
ЭКБ идентификаторы
50931
Редакция идентификаторы
50931_688692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:36

0 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін

инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін
айқындау туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 210 қаулысына қосымша
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін
инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі
Р/с

Қаржылық құралдың түрі
1
2
1.
Қазақстан Республикасының жергілікті
атқарушы органдары шығарған бағалы
қағаздарды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары (басқа мемлекеттердің
заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттардағы ақша
2.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі депозиттер
3.
Қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша «А-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары
4.
Агенттiк облигациялар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер шығарған, қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең
5.
Қаржылық құралдың немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor's бойынша «ВВ-»-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең агенттiк облигациялар, корпоративтік облигациялар
6.
Кері РЕПО мәмiлелерi

Қолданыстағы