О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканских государственных предприятий Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 01.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI50957_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000151_
- ЭКБ идентификаторы
- 50957
- Редакция идентификаторы
- AI50957_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:52
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарын, биологиялық және биотехнологиялық ғылымын басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» және «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары қайта құру жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
4 4. Осы қаулының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындар (бұдан әрі - Кәсіпорындар) қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
6 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорындардың
жарғыларын бекітуге ұсынсын;
2 2) Кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұлттық биотехнология орталығы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-6, 16-7, 16-8, 16-9, 16-10, 16-11, 16-12, 16-13, 16-14, 16-15, 16-16, 16-17-жолдармен толықтырылсын:
«16-6. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты
16-7. Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
16-8. Микробиология және вирусология институты
16-9. Жалпы генетика және цитология институты
16-10. Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы
16-11. Алтай ботаникалық бағы
16-12. Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы
16-13. Зоология институты
16-14. Адам және жануарлар физиологиясы институты
16-15. М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты
16-16. Ботаника және фитоинтродукция институты
16-17. Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы»;
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 151 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
Р/с
№
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының атауы
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атауы
1
2
3
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Микробиология және вирусология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жалпы генетика және цитология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
7
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алтай ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
8
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
9
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Зоология институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
10
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Адам және жануарлар физиологиясы институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Адам және жануарлар физиологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
11
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына
12
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ботаника және фитоинтродукция институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны