Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа по вопросам проверок субъектов, осуществляющих деятельность в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров

Бұйрық · № 503 · қабылданған 28.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50988/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа по вопросам проверок субъектов, осуществляющих деятельность в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров Күшін жойған Бұйрық ·№ 503 ·28.12.2009
15.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа по вопросам проверок субъектов, осуществляющих деятельность в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров

Күшін жойған Бұйрық ·№ 503 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа по вопросам проверок субъектов, осуществляющих деятельность в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров
Атауы (қаз.)
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
503
Қабылданған күні
28.12.2009
Көрсетілген редакция
15.08.2019 50988_418952.kaz
Соңғы өзгеріс
15.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090006077_
ЭКБ идентификаторы
50988
Редакция идентификаторы
50988_418952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:28

0 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (Ж.Қ. Сүлейменов):

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми Интернет ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары А.А. Әубәкіровке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

6 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

0 Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2009 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 503 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тексеру мәселелері бойынша тексеру парағы
___________________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы, заңды мекен-жайы,
_________________________________________________________________________________
телефоны, электрондық пошта мекен-жайы)
Объект ____________________________________________________________
(атауы, мекен-жайы, тел.)
Заңды тұлға/жеке
кәсіпкер __________________________________________________________
(атауы, мекен-жайы, тел.)
Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады:
Нөмірі _____, күні _______.
Лауазымды адам (адамдар) __________________________________________
_____________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Тексерілетін объектінің басшысы (немесе оны алмастырушы) __________
___________________________________________________________________
Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектілерге (үй-жайларға) қойылатын талаптар
№ р/с
Та­лап­тар
Иә/Жоқ
1
Үй-жай қо­сал­қы және қыз­мет­тік үй-жай­лар­дан оқ­ша­у­лан­ған
2
Үй-жай­дың кір­піш­тен неме­се та­стан қа­лан­ған қа­лыңды­ғы ке­мін­де 500 мм / қа­лыңды­ғы ке­мін­де 200 мм бе­тон­дық қа­быр­ға бл­ок­та­ры­нан / қа­лыңды­ғы 90 мм екі қа­бат бе­тон­дық та­стар­дан / қа­лыңды­ғы 180 мм кем емес те­мір­бе­тон па­нель­де­рі­нен / күр­де­лі қа­быр­ға­сы бар.
3
Іш­кі қа­быр­ға­лар сырт­қы күр­де­лі қа­быр­ға­лар­ға ұқсас орын­дал­ған неме­се әр­қай­сысы­ның қа­лыңды­ғы 80 мм және олар­дың ара­сы­на ұя­шық­та­ры 150 х 150 мм-ден кем емес диа­мет­рі 10 мм-ден кем емес ар­ма­ту­ра­лар­дан жа­сал­ған те­мір тор са­лын­ған жұп­та­сты­ры­л­ған гип­стік бе­тон­дық па­нель­дер­ден/те­мір тор­мен бе­кі­ті­л­ген қа­лыңды­ғы 120 мм-ден кем емес кір­піш­тік қа­ла­у­мен орын­дал­ған.
4
Кі­ре­тін есік­тер ақа­у­сыз, есік қо­ра­бы­на ақа­у­сыз кі­рі­ге­ді, қуыс емес, қа­лыңды­ғы 40 мм-ден кем емес, бір-бі­рі­нен 300 мм қа­шық­тық­та ой­ып са­лын­ған кем де­ген­де өзі жа­бы­ла­тын екі құл­пы бар.
5
Аула­ға, тұй­ық жақ­қа шы­ға­тын есік­тер, қо­сал­қы есік­тер екі жа­ғы­нан қа­лыңды­ғы 0,6 мм-ден кем емес бо­лат па­рақ­тар­мен есік­тің іш­кі бе­тіне қа­рай бүк­те­ліп неме­се есік­тің бүй­ір қа­быр­ға­сын­да бір бі­ріне ба­сты­ры­ла қап­сы­ры­л­ған. Па­рақ­тар пе­ри­мет­рі және диа­го­нал­да­ры бой­ын­ша диа­мет­рі 3 мм ұзынды­ғы 40 мм ше­ге­лер­мен ара­сы 50 мм-ден ар­тық емес қа­шық­тық­та бе­кі­ті­ле­ді.
6
Үй-жай­дың мық­ты тө­бе жа­бын­да­ры және еде­ні бар.
7
Те­ре­зе ой­ы­ғы іш­кі жақ­тан неме­се кә­сек ара­сы те­мір тор­лар­мен жаб­дық­тал­ған. Бо­лат шы­бық­тар­дың диа­мет­рі 16 мм-ден кем емес және шы­бық­тар ара­сы тігі­нен және көл­де­ңі­нен 150 мм-ден ар­тық емес. Шы­бық­тар­дың ұшы қа­быр­ға­ға 80 мм кем емес те­рең­дік­ке қа­ғы­л­ған және бе­тон құй­ы­л­ған.
8
Есік ой­ық­та­ры­на ор­на­ты­л­ған тор­лар диа­мет­рі 15 мм-ден кем емес бо­лат шы­бық­тан жа­сал­ған. Шы­бық­тар 150х150 мм-ден ас­пай­тын ұя­шық­тар­ды құ­ра оты­рып, әр­бір қиы­лы­суын­да дәне­кер­лен­ген.
9
Те­ре­зе ой­ық­та­ры­на ор­на­ты­л­ған тор­лар диа­мет­рі 10 мм-ден кем емес бо­лат шы­бық­тан жа­сал­ған. Шы­бық­тар 150х150 мм-ден ас­пай­тын ұя­шық­тар­ды құ­ра оты­рып, әр­бір қиы­лы­суын­да дәне­кер­лен­ген.
10
Қа­быр­ға­лар­ды (бөл­гіш) кү­шей­ту үшін ор­на­ты­л­ған тор­лар диа­мет­рі 15 мм-ден кем емес бо­лат шы­бық­тан жа­сал­ған. Шы­бық­тар 150х150 мм-ден ас­пай­тын ұя­шық­тар­ды құ­ра оты­рып, әр­бір қиы­лы­суын­да дәне­кер­лен­ген.
11
Жел­дет­кіш те­ре­зе­ле­рі, люк­тер бар кез­де олар­ға 100х100 мм-ден ас­пай­тын мөл­шер­де­гі ұя­шық­та­ры бар бо­лат тор­лар ор­на­ты­л­ған, олар осы жүйе ар­қы­лы өту мүм­кін­ді­гін бол­дыр­май­ды.
12
Ин­же­нер­лік же­лі­ні өт­кізу­ге ар­нал­ған қа­быр­ға­да­ғы те­сік­тің диа­мет­рі 200 мм-ден ас­пай­ды.
13
Үй-жай кү­зет-өрт сиг­на­ли­за­ци­я­сы­ның екі және одан көп ше­бі­мен жаб­дық­тал­ған.
14
Кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы:
- электр қу­а­ты­ның қал­қан­ша­сы­на дей­ін жа­сы­рын сым­мен орын­дал­ған
- те­ре­зе­лер­де сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
- есік­тер­де сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
- люк­тер­де сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
- қа­быр­ға­лар­да сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
- тө­бе­лер­де сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
- еден­дер­де сиг­на­ли­за­ция құ­ры­л­ғы­ла­ры бар
15
1, 2 Кесте­нің Ті­зі­мін­де­гі есірт­кі құ­рал­да­ры мен пси­хо­троп­тық заттар сейф­тер­де сақ­та­ла­ды (тех­ни­ка­лық тұр­ғы­дан ны­ғай­ты­л­ған үй-жай­лар­да есірт­кі құ­рал­да­ры мен пси­хо­троп­тық заттар­ды ме­талл шкаф­тар­ды сақ­та­у­ға рұқ­сат еті­ле­ді)
- сейф­тер (ме­тал­дан жа­сал­ған) жа­бық күй­де бо­ла­ды, жұ­мыс кү­ні аяқ­тал­ған­нан кей­ін олар­ға мөр ба­сы­ла­ды неме­се плом­бы са­лы­на­ды
Кі­лт­тер­дің жиын­тығы жа­у­ап­ты адам­да бо­ла­ды
16
Есірт­кі құ­рал­да­ры­на және пси­хо­троп­тық заттар­ға рұқ­са­ты бар адам­дар­да мы­на­лар бо­луы ти­іс:
- ти­іс­ті тек­се­ру­ден өт­ке­ні ту­ра­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­ры­тындысы
- нар­ко­ло­ги­я­лық және жүй­ке ау­ру­ла­ры дис­пан­сер­ле­рі­нен на­ша­қор­лық, уыт­құ­мар­лық, со­зыл­ма­лы ал­ко­го­лизм ау­ру­ла­ры­ның жоқ еке­ні ту­ра­лы анық­та­ма­сы

Қолданыстағы