Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 92 · қабылданған 15.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50993/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 92 ·15.02.2010
17.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 92 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
92
Қабылданған күні
15.02.2010
Көрсетілген редакция
17.01.2012 AI50993_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006089_
ЭКБ идентификаторы
50993
Редакция идентификаторы
AI50993_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:02

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде:
36-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.»;

2

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 43-48, 901-құжат):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу ережелерінде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат немесе көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.».

2 2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы