Об утверждении перечня отдельных категорий граждан района, имеющих право на социальные выплаты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня отдельных категорий граждан района, имеющих право на социальные выплаты
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186-4/21
- Қабылданған күні
- 05.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2012 50996_213075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PF000085
- ЭКБ идентификаторы
- 50996
- Редакция идентификаторы
- 50996_213075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:07
0 Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Бюджет Кодексінің" 56 бабы және Железинка аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы "Әлеуметтік көмекке құқылы жеке санаттағы аудан азаматтарының тізбесін белгілеу туралы" № 08/1 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлемдерге құқығы бар ауданның жеке санаттағы азаматтарының берілген тізімі бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың жеке санаттағы тізімі
Железинка аудан Мәслихатының
2010 жылғы 5 ақпан IV шақырылымның
кезекті XXI сессиясы № 186-4/21
шешіміне қосымша
Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар
азаматтардың жеке санаттағы тізімі
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2
2) "Германиядағы жеңісі үшін", "Жапониядағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған тұлғалар; "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері; қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің және жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылған қатысушылардың қайта некеге тұрмаған жұбайлары (жарлары); әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мүгедек болған әскери қызметтегілер (Кеңес Әскерінің мүгедектері) бұрыңғы Кеңес үкіметі органдарының шешіміне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағында шайқастарға қатысқан Кеңес Армиясы әскерлеріне;
3
3) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған тұлғалар; соғыс жылдары қаза тапқан әскерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету маңызындағы жерлердің көмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; Кеңес Әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар; бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары;