О выплате малообеспеченным гражданам компенсации в связи с ростом цен на основные продукты питания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О выплате малообеспеченным гражданам компенсации в связи с ростом цен на основные продукты питания
- Атауы (қаз.)
- Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 01.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2015 51029_369335.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KM000078
- ЭКБ идентификаторы
- 51029
- Редакция идентификаторы
- 51029_369335
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:10
0 Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына және аудандық Мәслихаттың 2009 жылдың 22 желтоқсанындағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 19/192 шешіміне сәйкес аз қамтылған азаматтарды қосымша қолдау мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарқаралы ауданының атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтарына бастапқы азық - түлік бағасының қымбаттауына байланысты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жарты айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын өтемақы төленсін.
2 2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Жұманбаев) өтемақыны бөлімнің базалық мәліметіне сәйкес төлесін.
3
3. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Ахметжанов) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451–007-332 бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4
4. "Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық - түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы беру туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 15 желтоқсанындағы N 295 қаулысының (Қарқаралы ауданының әділет басқармасында 2008 жылдың 30 желтоқсанында N 8–13-55 болып тіркелген, 2009 жылдың 17 қаңтарындағы N 3–4 (10749) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.