Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 15.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2011 · қолданыстағы 51042_184482.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CD000093
- ЭКБ идентификаторы
- 51042
- Редакция идентификаторы
- 51042_184482
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:02
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 5-4 тармақшасына, 9 және 18-1 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарауылкелді ауылдық округі мен селолық округтер бойынша нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оларға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр тұлғаға жергілікті бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20 000 теңгені құрайды.
3 3. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш. Спанова) тізбеге сай әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тапсырыс берушілермен шартқа отырып, нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарға жолдама беруді ұйымдастырсын.
4 4. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б Боранбай) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 21 қаулысына ҚОСЫМША
2010 жылы селолық округтерде ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі
Р/с
Селолық округтер атауы
Жұмыс орындарының саны
1
Ащы селолық округі
4
2
Көлтабан селолық округі
6
3
Қопа селолық округі
7
4
Сартоғай селолық округі
6
5
Жаңажол селолық округі
3
6
Жарқамыс селолық округі
3
7
Қызылбұлақ селолық округі
3
8
Қарауылкелді селолық округі
85
9
Миялы селолық округі
3
Барлығы
120