Құжат мәтініне өту

Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қаулы · № 06 · қабылданған 26.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 29.03.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51047/?version=51047_194623.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 06 ·26.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

ҚАЗҮйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 06 · қабылданған 26.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06
Қабылданған күні
26.01.2010
Көрсетілген редакция
29.03.2010 · қолданыстағы 51047_194623.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
29.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DP000102
ЭКБ идентификаторы
51047
Редакция идентификаторы
51047_194623
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:13

0 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі-мүгедек балалар) қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі әлеуметтік көмек) тоқсанына сол кездегі айлық кездегі есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшері көлемінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асырып алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.

3

3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда әлеуметтік көмекті аудандық пошта байланы с торабы арқылы тоқсан сайын төленуін қамтамасыз етсін;

1 1) өтініш (әр тоқсанға);

2 2) өтініш иесінің жеке куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код (көшірмесі);

3 3) мүгедек баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);

4 4) дәрігерлік әлеуметтік комиссиясында мүгедектігін куәләндырылғаны туралы белгіленген үлгіде анықтама (көшірмесі);

5 5) өтініш иесі мен мүгедек баланың тұрып жатқан мекен-жайы туралы анықтама (әр тоқсанға):

6 6) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі туралы облыстық білім департаменті жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы;

7 7) мүгедек баланың үйде оқитынын дәлелдейтін оқу орнынан берілген анықтама.

4 4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бибігүл Нукенқызы Албанбекова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

5 5. Осы қаулыны орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.

6

6. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" N 396 қаулысының күші жойылған деп танылсын (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде 2009 жылдың 27 тамыздағы N 2-16-95 болып тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінің 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 39 (8459) жариялаған).

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.