О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 08.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2013 51086_196339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SK000169
- ЭКБ идентификаторы
- 51086
- Редакция идентификаторы
- 51086_196339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:06
0 Ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек жылына бір рет 3 (үш) мың теңге мөлшерінде берілсін.
2 2. Аудандық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын:
«Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» (2004 жылғы 17 тамызда мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1326, «Тайыншинские вести» 2004 жылғы 10 қыркүйек) аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі № 42 шешімі;
«Ауылды (селолық) жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік ұйымдардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 шілдедегі № 42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2006 жылғы 14 тамызда әділет басқармасында тіркелген № 13-11-45, «Тайыншинские вести» 2006 жылғы 25 тамызда) аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 шілдедегі № 147 шешімі.