О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 02.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2015 51092_224414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NH000147
- ЭКБ идентификаторы
- 51092
- Редакция идентификаторы
- 51092_224414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:09
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387 бабына және әкімдіктің 2009 жылдың 5 қарашасындағы № 224 "Жер салығының базалық ставкаларына ұсынылған түзету коэффициентерін Денисов аудандық мәслихатының бекітуіне енгізу туралы" қаулысына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарымен белгіленген № 5 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 10 пайызға төмендетілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарлатылсын:
№ 7 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 10 пайызға;
№ 8 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 20 пайызға;
№ 9 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 30 пайызға;
№ 10 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 40 пайызға;
№ 11 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 50 пайызға.
3 3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
_____________ А. Киселев
"Қазақстан Республикасының қаржы
Министірлігінің Салық комитеті
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаменті Денисов ауданы
бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Б. Мақашев