О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 02.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2015 51092_224414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NH000147
- ЭКБ идентификаторы
- 51092
- Редакция идентификаторы
- 51092_224414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:09
0 Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387 бабына және әкімдіктің 2009 жылдың 5 қарашасындағы № 224 "Жер салығының базалық ставкаларына ұсынылған түзету коэффициентерін Денисов аудандық мәслихатының бекітуіне енгізу туралы" қаулысына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарымен белгіленген № 5 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 10 пайызға төмендетілсін.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкалары жоғарлатылсын:
№ 7 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 10 пайызға;
№ 8 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 20 пайызға;
№ 9 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 30 пайызға;
№ 10 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 40 пайызға;
№ 11 аймақта, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, 50 пайызға.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
_____________ А. Киселев
"Қазақстан Республикасының қаржы
Министірлігінің Салық комитеті
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаменті Денисов ауданы
бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Б. Мақашев