Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28
- Қабылданған күні
- 22.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2023 · қолданыстағы 51114_643198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10TD000154
- ЭКБ идентификаторы
- 51114
- Редакция идентификаторы
- 51114_643198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:58
0 Ауданда қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 151 "Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару Нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Исатай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға жазасын өтеу үшін төмендегі мекемелер қоғамдық жұмыс көзі болып белгіленіп, аудандық қылмыстық атқару инспекциясына ұсынылсын:
1) "Исатайгазстройсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша);
2) "Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша);
3) "З. Қабдолқызы" шаруа қожалығы (келісім бойынша);
4) "Қ. Құсайнов" жеке кәсіпкер (келісім бойынша).
2. Аудандық әкімияттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 13 "Аудандық қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарды қоғамдық жұмыс көзімен қамтамасыз ету туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Аққыстау су арнасы"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры:
А. Аманбаева
18.02.2010 ж.
"Исатайгазстройсервис"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры:
А. Аманбаева
18.02.2010 ж.
"З.Қабдолқызы" шаруа
қожалығының басшысы
Т.Ахтаев
18.02.2010 ж.
"Қ. Құсайнов" жеке кәсіпкер
Қ. Құсайнов
18.02.2010 ж.