Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг

Қаулы · № 9 · қабылданған 01.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51126/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 9 ·01.02.2010
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 9 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам рынка ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
01.02.2010
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI51126_8.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006099_
ЭКБ идентификаторы
51126
Редакция идентификаторы
AI51126_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:10

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

1 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 9 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 298(мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi) Қаулысымен.

3 3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2012.02.24 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4

4. Агенттік Басқармасының «Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3700 тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті активтерін инвестициялау туралы жасалған мәмілелердің есебін ұсыну жөніндегі ережесінде:
2-тармақтың екінші абзацы «3» деген цифрдан кейін «, 4» деген тыныс белгісімен және цифрмен толықтырылсын;
осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

1-1 Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
1-қосымша

1-2 Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
2-қосымша

1-3 Қазақстан Республикасының кейбір

нормативтік құқықтық актілеріне
бағалы қағаздар нарығының мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың Тізбесіне
3-қосымша

1-4 ___________ бастап __________________ кезең аралығында __________________________________________________________ (инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы) клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ЕСЕБІ

«Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне 4-қосымша
___________ бастап __________________ кезең аралығында
__________________________________________________________
(инвестициялық портфельді басқарушының ілік септіктегі атауы)
клиент активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ЕСЕБІ

Ак­тив­тер­дің тү­рі (СА/КА)1
Кли­ент­тің ата­уы
Кли­ент­тің аф­фи­ли­ир­лен­ген­ді­гі­нің бел­гі­сі2
Мәмі­ле­ні жа­са­су  кү­ні3
На­рық4
Мәмі­ле тү­рі5
Мәмі­ле бой­ын­ша қар­сы се­рік­те­стің ата­уы6
Қар­сы әріп­те­стің аф­фи­ли­ир­лен­ген­ді­гі­нің бел­гі­сі7
кестенің жалғасы
Қар­жы құ­ра­лы­ның па­ра­метр­ле­рі
Қар­жы құ­ра­лы­ның тү­рі
Қар­жы құ­ра­лын шы­ғар­ған (ұсын­ған) эми­тент­тің ата­уы
Ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі8
Бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы8
Мәмі­ле­нің кө­ле­мі8 (да­на)
Мәмі­ле со­ма­сы9 (тең­ге)
Банк­тік са­лым шар­ты­ның аяқ­та­лу кү­ні
Ес­кер­ту
Аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескерту:
* Тәуекелді инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорларына қатысты толтырылады және уәкілетті органға беріледі.
1 Инвестициялық портфельді басқарушының меншікті немесе клиент активтері көрсетіледі. Егер мәміле клиент активтері есебінен жасалған жағдайда, 2 және 3-бағаналар толтырылады.
2 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес клиент инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
3 «Күні/айы/жылы» форматында мәміленің жасалған күні көрсетіледі.
4 Мәміле сауда жүйесінде жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елі» форматында оның резиденттік елі не мәміле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны не «халықаралық нарықта» жасалғаны көрсетіледі.
5 Мәміленің түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, «репо» ашылу және жабылу операциясы, банктік салым шартын жасасу және өзге мәмілелер). «Репо» операциялары бойынша сонымен қатар «репо» операцияларының түрі көрсетіледі: тікелей немесе кері «репо». Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша «Ескерту» деген бағанада мәмілені жасау әдісі көрсетіледі.
6 Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болған (брокер мүддесінде әрекет еткен тұлғаны көрсетіп) жағдайда, «В» символы қолданылады және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болған жағдайда "D" символы қолданылады. Банктік салым ашылған жағдайда, банктің атауы көрсетіледі.
7 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 64-бабына сәйкес қарсы серіктес инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып танылатын сәйкес белгі көрсетіледі.
8 8, 9 және 10-бағаналар сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы бойынша мәмілелер үшін толтырылады.
9 Мәмілелер жасауға байланысты шығыстарды ескермей (сатып алу, сату, өтеу, кері «репо» операциясы - ашылуы/жабылуы және өзге), жиналған сыйақыны ескеріп (банктік салымды ашу), үтірден кейін екі белгіге дейін нақты беріп, сома көрсетіледі.
10 «Күні/айы/жылы» форматында банктік салым шартының аяқталу күні көрсетіледі.».

Қолданыстағы