Об утверждении критериев оценки степени рисков в области формирования, хранения и использования документов Национального архивного фонда Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына және "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғ.Т. Телебаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 23 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 66 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының толықтыру (жинақтау) көздерін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы мен "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын орындау үшін әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісі - қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары жасалатын жеке және заңды тұлғалар; сондай-ақ мұрағат ісін жүргізу және басқару органдары;
Тармақша 2
2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы.
Тармақ 3
3. Тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілері жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топтарына жатқызылады.
Тармақ 4
4. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады. Бақылау субъектілерін төменгі тәуекел дәрежесі тобының ішінен басымды іріктеу үшін сақтаудағы құжаттардың ең үлкен көлемі негіз болады.
Тармақ 5
5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері бойынша критерийлер бойынша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен бақылау субъектісі тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді:
Тармақша 1
1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
Тармақша 2
2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 11-ге дейін балл жинаған бақылау субъектілері жатады;
Тармақша 3
3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған бақылау субъектілері жатады.
Тармақ 6
6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады: құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл; құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл; келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру мен мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл; ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын белгіленген уақытша сақтау мерзімдері мен мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттардың есебінің жүргізілмеуі – 1 балл; мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары және адам құрамы бойынша құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесінің болмауы – 1 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау режимі мен жағдайларының бұзылуы – 6 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы бойынша құжаттарды пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы – 6 балл; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сақтау мерзімдерінің бұзылуы – 6 балл; мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттарда Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттардың физикалық және химиялық, техникалық жай-күйін есепке алудың болмауы – 6 балл; Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттардың сақталуының қамтамасыз етілмеуі – 12 балл; Ұлттық мұрағат қорының және адам құрамы бойынша құжаттарды мемлекеттік органдардың келісімінсіз жоюы – 12 балл.