Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований по разработке, принятию и исполнению субъектами финансового мониторинга правил внутреннего контроля

Бұйрық · № 57 · қабылданған 15.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51130/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Требований по разработке, принятию и исполнению субъектами финансового мониторинга правил внутреннего контроля Күшін жойған Бұйрық ·№ 57 ·15.02.2010
23.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований по разработке, принятию и исполнению субъектами финансового мониторинга правил внутреннего контроля

Күшін жойған Бұйрық ·№ 57 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований по разработке, принятию и исполнению субъектами финансового мониторинга правил внутреннего контроля
Атауы (қаз.)
Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
57
Қабылданған күні
15.02.2010
Көрсетілген редакция
23.09.2012 AI51130_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006105_
ЭКБ идентификаторы
51130
Редакция идентификаторы
AI51130_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:02

0 Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптарды бекіту туралы

«Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 3-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (М.С. Өтебаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Р. Түсіпбеков
________________
2010 жылғы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрі
Ә. Исекешев
2010 жылғы 02 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің төрайымы
Е. Бахмутова
2010 жылғы 01 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің м.а.
Қ. Өскенбаев
2010 жылғы 23 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің төрағасы
Г. Марченко
2010 жылғы 02 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
Д. Құсдәулетов
2010 жылғы 05 наурыз

0 Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау ережесін әзірлеу, қабылдау және орындау жөніндегі талаптары

1

1. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 3-тармағына cәйкес осы талаптар Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелерін әзірлеуіне, қабылдауына және орындауына қойылатын біріңғай ұстанымды анықтайды.

2 2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережесі мынадай талаптарды қамтуы тиіс:

Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттар;
Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесі;
Заңның 4-бабының 4-тармағында көзделген күдікті операцияларды анықтау критерийлері;
өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген өз клиенттерін тиісінше тексеру шаралары;
корреспондент банктермен корреспонденттік қарым-қатынастар жасайтын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шаралары;
Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздері;
Заңның 13-бабы 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде ақпараттандыру жөніндегі шараларды;
қаржы мониторингі субъектілері лауазымды тұлғаларының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар;
лауазымды тұлғаларды тағайындауға, олардың біліктілігіне және даярлауға қойылатын талаптар.

3 3. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингі субъектілерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына, Заңына және осы Талаптардың ережелеріне сәйкес ішкі бақылау ережелерін әзірлейді, қабылдайды және орындайды.

Қолданыстағы