Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области использования и охраны водного фонда и формы проверочного листа для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с забором воды или регулированием поверхностного стока

Бұйрық · № 100 · қабылданған 18.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51134/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области использования и охраны водного фонда и формы проверочного листа для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с забором воды или регулированием поверхностного стока Күшін жойған Бұйрық ·№ 100 ·18.02.2010
13.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области использования и охраны водного фонда и формы проверочного листа для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с забором воды или регулированием поверхностного стока

Күшін жойған Бұйрық ·№ 100 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков в области использования и охраны водного фонда и формы проверочного листа для субъектов, осуществляющих деятельность, связанную с забором воды или регулированием поверхностного стока
Атауы (қаз.)
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және су қорын пайдалану және cу алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
18.02.2010
Көрсетілген редакция
13.04.2011 AI51134_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006109_
ЭКБ идентификаторы
51134
Редакция идентификаторы
AI51134_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:00

0 Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және су қорын пайдалану және cу алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес су қорын пайдалану және cу алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (Орман А.О.):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырлуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Ә. Оразаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 100
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы № 102
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері (әрі қарай - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен су объектілерінен су алуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін дайындалды.

2 2. Осы Критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел – халықтың экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуінің азаюы, қоршаған ортаға келтірілетін зиянның, салаларының, су объектілерінің ластануының, қоқымдануының және сарқылуының пайда болуы, бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға арналған су пайдаланушылардың құқығының бұзылуының және су пайдаланушылардың қызметінің нәтижесінде келтірілетін зиянның ықтималдығы;

2

2) бақылау субъекті – өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын, сонымен қатар, шаруашылықтың әртүрлi салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар).

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекел салдарының дәрежелеріне жатқызу бастапқы кезеңде – объективтік критерийлер және келесі жатқызуларда – субъективтік критерийлер негізінде жүргізіледі.

4 4. Бастапқы жатқызу кезінде, барлық бақылау субъектілері, су объектілерінің стратегиялық маңызына және су алу көлеміне байланысты тәуекелдің үш дәрежесіне жіктеледі:

жоғары дәрежеге - ерекше стратегиялық маңызды су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне жатқызылған объектілерді пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
орта дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден жоғары көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
төмен дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден аспайтын көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады.

5 5. Осы Критерийлердің 4-тармағының екінші абзацында келтірілген бақылау субъектілері сумен қамтамасыз етудің өзекті стратегиялық желілері ретінде кейін, келесі жатқызуларда бұдан төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылмайды.

6 6. Келесі жатқызуларда, тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлеріне (1 және 2-қосымшалар) сәйкес, жиналған балдарға байланысты, бақылау субъектілері келесідей жіктеледі:

жоғары тәуекел дәрежесіне - 45 және одан жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
орта тәуекел дәрежесіне - 30-дан бастап 45-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
төмен тәуекел дәрежесіне - 30-дан аз бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады.

7 7. Бір тәуекелдік деңгейдегі бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау үшін мыналар негіз болады:

су қоймасының ең жоғарғы көлемі;
су алудың ең жоғарғы көлемі;
гидравликалық, гидроаккумуляциялық және жылу электрстанцияларының гидротехникалық құрылыстарының ең жоғарғы күші;
мелиорация жүйелері қызмет көрсететін суғару және құрғатудың ең үлкен алаңы.

1-1 Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
1-қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері
Бұ­зу­шы­лық түр­ле­рі
Бұ­зу­шы­лық дең­гейі
Ба­лы
су объ­ек­тiлерiн өз бетiн­ше ба­сып алу, өз бетiн­ше су пай­да­ла­ну, су пай­да­ла­ну құқы­ғын қай­та та­быст­ау
Өрес­кел
40
ли­мит­тер­дi бұ­зып су алу, гид­ро­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды өз бетiн­ше жүр­гi­зу
40
су объ­ек­тiлерi­нен өн­дiрiл­ген неме­се бөлiн­ген жер асты және жер үстi су­ла­рын қыр­сыздық­пен пай­да­ла­ну
40
өзен­дер­дiң және бас­қа да су ай­дын­да­ры­ның жай-күй­iне әсер ететiн ғи­ма­рат­тар­ды, құ­ры­лы­стар­ды және бас­қа да объ­ек­тiлер­дi өз бетiн­ше са­лу
35
өз бетiн­ше су ұң­ғы­ма­сын бұр­ғы­лау және жер асты су­ла­ры­ның су тар­ту то­ған­да­рын са­лу
30
су­лар­дың және олар­ды пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы есебiн жүр­гi­зу ере­же­сiнiң бұ­зы­луы
Ма­ңы­зды
25
жер үстi және жер асты су­ла­ры­ның, ауыз су­мен жаб­дық­тау көз­дерiнiң ла­ста­нуы, қо­қы­ста­нуы және сар­қы­луы
20
су жи­на­лым­да­рын­да олар­дың ла­ста­нуын, то­пы­рақ­тың су эро­зи­я­сын және бас­қа да зи­ян­ды құ­бы­лы­стар­ды ту­ғы­за­тын су қор­ғау ре­жи­мiнiң бұ­зы­луы
20
су­дың ла­ста­нуын және қо­қы­ста­нуын неме­се олар­дың зи­ян­ды әсерiн бол­ғы­з­бай­тын құ­ры­лы­ста­ры мен қон­дыр­ғы­ла­ры жоқ кәс­i­по­рын­дар­ды, ком­му­нал­дық және бас­қа да объ­ек­тiлер­дi пай­да­ла­ну­ға бе­ру
15
су­дың ла­ста­нуы­нан, қо­қы­ста­нуы­нан және сар­қы­луы­нан қор­ғауды, сон­дай-ақ су ре­жи­мiнiң жай-күй­iн жақ­сар­ту­ды қам­та­ма­сыз ететiн гид­ро­тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық, ор­ман-ме­ли­о­ра­ци­я­лық, са­ни­тар­лық және бас­қа да iс-ша­ра­лар­дың жүр­гiзiл­ме­уi
15
су­лар­дың және олар­ды пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы есебiн жүр­гi­зу ере­же­сiнiң бұ­зы­луы
ма­ңы­зы тө­мен
10
су­лар­дың және олар­ды пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы есебiн жүр­гi­зу ере­же­сiнiң бұ­зы­луы
5
мем­ле­кет­тiк су ка­даст­ры­ның есебi мен есеп­тiлi­гi де­ректерiн, су ре­сур­ста­рын ке­шен­дi пай­да­ла­ну мен қор­ғау схе­ма­ла­рын бұр­ма­лау
5
су ре­сур­ста­рын олар­ды ке­шен­дi пай­да­ла­ну, эко­ло­гия мен су бө­лу мүд­де­лерiн­де рет­те­у­ге ке­дер­гi жа­сау
5

1-2 Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Су қорын пайдалану және қорғау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
2-қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Па­ра­метр­лер­дің ата­уы
Бал­дар
1
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың дә­ре­же­сі және са­ны
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың негі­зін­де есеп­те­ле­ді
2
Бас­сейн­дік ке­ңе­стер­дің, Бас­сейн­дік ке­лі­сім­дер­дің ұсы­ным­да­ры мен ұсы­ны­ста­ры­ның орын­да­луы
орын­дал­ма­ды
мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін орын­дал­ды
30
20
3
Бар­лы­ғы:
1 мен 2 қа­тар­ла­ры­ның жиын­тығы

2 Су алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 ақпандағы № 100
және Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 25 ақпандағы № 102
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Су алуды немесе жер үстiндегi ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағы
Органның атауы ___________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті ___________________________________
(№, күні)
Субъектің атауы __________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы ____________________________________________
__________________________________________________________________
Та­лап­тар
иә
жоқ
қа­жет етіл­мей­ді
1
2
3
4
5
1
Су ре­сур­ста­рын ұтым­ды пай­да­ла­ны­ла­ды, су­дың ысы­ра­бын қы­сқар­ту­ға ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
2
Су объ­ек­тiлерi мен су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры­на ұқып­ты қа­рай­ды, олар­ға зи­ян кел­тiрiлуiне жол бе­ріл­ме­ген
3
Бел­гi­лен­ген су пай­да­ла­ну ли­мит­терi, рұқ­сат етiл­ген кө­лем­дерi мен ре­жим­дерi сақ­тал­ған
4
Бас­қа су пай­да­ла­ну­шы­лар мен та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дың құқық­та­ры мен мүд­де­лерiнiң бұ­зы­луы­на жол бе­ріл­ме­ген
5
Су­дың жай-күй­iне әсер ететiн су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры мен тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды ақа­у­сыз күй­iн­де ұста­ла­ды, олар­дың пай­да­ла­ны­лу са­па­сы жақ­сар­ты­л­ған
6
Су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну­ды есеп­ке алу жүр­гі­зі­лу­де
7
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры­ның су тар­ту, су жi­бе­ру мен сар­қын­ды және кол­лек­тор­лық су­лар­ды ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын өл­шеу құ­рал­да­ры­мен және су өл­шеу ас­пап­та­ры­мен жаб­дық­тал­ған
8
Су қор­ғау iс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асы­ры­лу­да
9
Ар­найы су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат­та бел­гi­лен­ген су пай­да­ла­ну шар­тта­рын, сон­дай-ақ ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­дың нұс­қа­ма­ла­рын бел­гi­лен­ген мерзiм­де то­лық кө­ле­мiн­де орын­да­лу­да
10
Бел­гi­лен­ген нор­ма­тив­тер­ден аса­тын зи­ян­ды заттар­дың ағы­зы­луы­на жол бе­ріл­ме­ген
11
Су объ­ек­тiсiн пай­да­ла­ну ту­ра­лы анық және то­лық ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­ға уақ­ты­лы ұсы­ны­ла­ды
12
Су үнем­де­ушi тех­но­ло­ги­я­лар­ды, су­а­ру­дың озық тех­ни­ка­сын, су­мен жаб­дық­та­удың ай­на­лым­дық және қай­та­ла­ма жүй­е­лерiн ен­гiзу­ге ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
13
Жер үстi және жер асты су­ла­ры­нан су жи­нау ала­ңы­ның ла­ста­нуы­на жол бе­ріл­ме­ген
14
Су объ­ек­тiлерiнiң су қор­ғау ай­мақ­та­ры­ның ау­ма­ғын­да ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет­тiң бел­гi­лен­ген ре­жи­мiнiң сақ­та­луы қам­та­ма­сыз еті­л­ген
15
Су қо­рын пай­да­ла­ну және қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ның және жер қой­на­уын зер­де­леу мен пай­да­ла­ну жөнiн­де­гi уәкiлет­тi ор­ган­ның тиiстi негiз­де­месi мен ше­шi­мiн­сiз ауыз су са­па­сын­да­ғы су­ды өн­дiрiстiк және бас­қа мұқ­таж­дар­ға пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­ме­ген
16
Су объ­ек­тiлерi мен су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­рын­да өнер­к­әс­iп қа­уiп­сiздi­гiнiң та­лап­та­ры сақ­тал­ған
17
Су объ­ек­тiлерi мен су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­рын­да же­ке тұ­лға­лар­дың қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз еті­л­ген
18
Бар­лық ава­ри­я­лық жағ­дай­лар мен су пай­да­ла­ну­дың тех­но­ло­ги­я­лық ре­жи­мiнiң бұ­зы­луы ту­ра­лы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы уәкiлет­тi ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры­на және об­лы­стың (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на де­реу ха­бар­ла­на­ды
19
Су объ­ек­тiлерiне зи­ян кел­тiрiлуiн бол­ғы­з­бау жөнiн­де ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
20
Су пай­да­лан­ға­ны үшiн тө­лем­дер­дiң уақ­ты­лы тө­ле­нуi жү­зе­ге асы­ры­лу­да
21
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­ги­я­лық ко­дексiне сәй­кес Қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру кезiн­де эко­ло­ги­я­лық pұқсaт алын­ған
22
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы жүй­е­лерi мен құ­ры­лы­ста­ры­ның тиiстi тех­ни­ка­лық жай-күй­iн, сон­дай-ақ олар­дың қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз еті­л­ген
23
Шар­тқа сәй­кес су пай­да­ла­ну­шы­лар бел­гi­лен­ген мерзiм­де су­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
24
Су пай­да­ла­ну­шы­лар­мен келiсiм бой­ын­ша су бө­летiн орын­дар­да cу өл­шеу ас­пап­та­ры ор­на­ты­л­ған
25
Су объ­ек­тiлерiнiң ла­ста­нуын, қо­қы­ста­нуын және сар­қы­луын, су­дың зи­ян­ды әсерiн бол­ғы­з­бай­тын ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
26
Гид­ро­ме­ли­о­ра­ци­я­лық жүй­енiң, су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­сы­ның пас­пор­ты бар
27
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ба­лан­сын­да­ғы гид­ро­гео­ло­ги­я­лық ұң­ғы­ма­лар, со­ның iшiн­де өздi­гi­нен тө­гiлетiн және бар­лау ұң­ғы­ма­ла­ры, сон­дай-ақ пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз неме­се пай­да­ла­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған ұң­ғы­ма­лар кон­сер­ва­ци­я­лау құ­ры­л­ғы­ла­ры­мен жаб­дық­тал­ған неме­се жой­ы­л­ған
28
Бұр­ғы­лау және бас­қа да кен жұ­мыста­рын жүр­гi­зу кезiн­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар суы бар жи­ек­тер­дi аш­са, олар өздi­гi­нен тө­гiлетiн және бар­лау ұң­ғы­ма­ла­рын рет­те­ушi құ­ры­л­ғы­лар­мен және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған
29
Жер асты су­ла­ры­ның су алу құ­ры­лы­ста­рын пай­да­ла­на­тын же­ке және заң­ды тұ­лға­лар жер асты су­ла­ры­ның са­ни­тар­лық қор­ғау ай­ма­ғы мен олар­дың мо­ни­то­рин­гi ұй­ым­да­сты­ры­л­ған
30
Су объ­ек­тiлерiнiң су қор­ғау бел­де­улерiн­де­гi жер учас­ке­лерiн­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­мен ша­ру­а­шы­лық қыз­мет ре­жи­мiне қой­ы­ла­тын та­лап­тар сақ­тал­ған
Инспекцияның лауазымды тұлғалары:
_______________________ ______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
_______________________ _______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Аты-жөні)
Мемлекеттік бақылау субъектісінің жетекшісі, жеке кәсіпкер:
____________________________________________ ___________________
(Аты-жөні, лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы