Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 66 · қабылданған 25.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51136/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 ·25.02.2010
29.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
25.02.2010
Көрсетілген редакция
29.03.2012 AI51136_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006114_
ЭКБ идентификаторы
51136
Редакция идентификаторы
AI51136_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:56

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 228-IV Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:
6-тармақта «мүшесін зақымдауға» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 7) тармақшасында:
«күн сайын қырынуға,» деген сөздер «жинақы қиылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тыйым салынады» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың 18) тармақшасында «дене мүшелеріне зақым» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат» деген сөздерімен ауыстырылсын;
12-8-тармақта:
«тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «елді мекеннің шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және еңбек етуге» деген сөздер алып тасталсын;
130-тармақта «дене мүшесін зақымдап» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салып» деген сөздермен ауыстырылсын;
151-тармақта «дене мүшесін зақымдаумен» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің 17-қосымшасында:
20-тармақтың 1) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтың 3) тармақшасында «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнамасымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2

2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 9-10, 544 бап):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріне ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
4-тармақтың 15) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіруінің» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақтың 6) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіруге» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
107-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
109-тармақтың 1) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
111-тармақта «Ерекше жағдайлар режимі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
114-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіру» және «өз мүшесіне зақым келтірудің» деген сөздер тиісінше «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу», «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
115-тармақта «өз мүшесіне зақым келтіруі» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
115-тармақтың 4) тармақшасында «өз мүшесіне зақым келтіру» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салу» деген сөздермен ауыстырылсын;

3

3) «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 43-48, 893-бап):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы Нұсқаулықта:
6-тармақта «Айрықша жағдайлар режимі» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы