Құжат мәтініне өту

О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Қаулы · № 04/01 · қабылданған 04.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51147/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 04/01 ·04.02.2010
04.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 04/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04/01
Қабылданған күні
04.02.2010
Көрсетілген редакция
04.02.2010 AI51147_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KD000172
ЭКБ идентификаторы
51147
Редакция идентификаторы
AI51147_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:08

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Балқаш қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 26/199 "2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-4-161, 2010 жылғы 15 қаңтардағы N 5-6 (11519) "Балқаш өңірі", N 5-6 (554) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері мен мөлшерлері бекітілсін:

1 1) азық-түлік себеті құнының ұлғаюына байланысты әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсету;

2 2) ата-аналары өмірлік қиын жағдайда жүрген аз қамтылған отбасылар балаларына жаңа оқу жылына үш мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету;

3 3) жалпы орта мектеп, орта арнаулы оқу орынын ағымдағы жылы аяқтаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бес мың тенге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету.

2 2. Әлеуметтік көмек белгілеу және төлеуде уәкілетті орган ретінде "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталсын.

3

3. Әлеуметтік көмектің барлық түрін төлеу, уәкілетті орган ұсынған тізімдерге сәйкес, екінші деңгейдегі банктер немесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің банкілік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.

4

4. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 05/01 "Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу нөмірі N 8-4-135, 2009 жылғы 13 наурыздағы N 30-31 (11388) "Балқаш өңірі", N 30-31 (426) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Людмила Мырзахметқызы Түкбаеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

Қолданыстағы