Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
ҚАЗЖамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-143
- Қабылданған күні
- 05.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2011 · қолданыстағы 51164_191982.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DG000089
- ЭКБ идентификаторы
- 51164
- Редакция идентификаторы
- 51164_191982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:07
0 Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шаралары төленсін:
- 70 (жетпіс) еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы;
- 630 (алты жүз отыз) еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2 2. «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Келдібекова Ләйлә Қаракүшікқызы) жәрдемақының төленуін қамтамасыз етсін.
3 3. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Тоқтағұлова Гүлнәр Бекенқызы) жәрдемақының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Абаев Әскербек Көкеұлы) жүктелсін.