Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 25.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2012 · қолданыстағы 51211_196535.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZB000088
- ЭКБ идентификаторы
- 51211
- Редакция идентификаторы
- 51211_196535
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:56
0 Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне
әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 5, 7-баптарын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның 5-бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қантардағы "Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын ұлғайту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар практикасы ұйымдастырылсын.