О внесении дополнений и изменения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 09.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI51215_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000184_
- ЭКБ идентификаторы
- 51215
- Редакция идентификаторы
- AI51215_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:49
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына өз құзыреті шегінде жәрдемдесу;»;
37) тармақшадағы «тапсыру» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
3 3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 2) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;
пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеуді жүзеге асыруды;
отыз төртінші абзац «азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздерден кейін «, оның ішінде босқындарға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«пана іздеген адамдарды және босқындарды уәкілетті органның қабылданған шешімдерін не соттың заңды күшіне енген шешімдерін орындау үшін мәжбүрлеп шығарып жіберуді жүзеге асыруды;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруды;».