Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 120
- Қабылданған күні
- 05.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2021 · қолданыстағы 51231_548755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DB000103
- ЭКБ идентификаторы
- 51231
- Редакция идентификаторы
- 51231_548755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:07
0 Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақтарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 1 тармағына, «Қапшағай су қоймасының жағалауын казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын аумақ ретінде белгілеу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 223 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан Қапшағай қаласында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыратын келесі аумақтар белгіленсін:
1
1) бірінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан Алматы-Талдықорған автомагистралының батыс бойымен ені 400 метр, ұзындығы 1 500 метр; «Қара-Су» сайынан ені 400 метр ұзындығы 2 000 метр солтүстік көліктік жолайрығына дейінгі; солтүстік көліктік жолайрығынан ені 200 метр, ұзындығы 1 800 метр автокөлік көпіріне дейінгі аумақтар. Одан әрі – оңтүстік көліктік жолайрығынан автомагистраль мен темір жол аралығындағы су қоймасы жағалауына дейінгі аумақ;
2
2) екінші аумақ – оңтүстік көліктік жолайрығынан темір жол мен Алматы көшесі аралығындағы автобекетке дейінгі; одан әрі - Қапшағай қаласындағы темір жол өткелінен Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағыттағы, яғни Сейфуллин көшесінің шығыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3000 метр «Рауан» шағынауданындағы КНС бұрылысына дейінгі аумақ. Одан әрі – су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауы бойымен темір жол көпіріне дейінгі ( «Рауан шағынауданының, мұнай базасы және өзен порты жерлерін қоспағанда»), яғни Сейфуллин көшесінің батыс жағымен ені 300 метр, ұзындығы 3 600 метр элеваторға дейінгі аумақ;