Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ҚАЗАқбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 12.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2010 · қолданыстағы AI51238_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UJ000133
- ЭКБ идентификаторы
- 51238
- Редакция идентификаторы
- AI51238_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:03
0 Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруына қарсы шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1-тармағының 18 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармағының 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылдың 28 сәуiрдегi «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» № 407 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2004 жылғы 5 қарашадағы «Адам және жануарлар үшiн ортақ (бруцеллез) аурулардың алдын - алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық- эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы» № 632 бұйрығына сәйкес Сайрам ауданының бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 1-14/29 ұсынысы негiзiнде, Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Сайрам ауданының Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округі аумақтарында уақ малдармен адамдарға ортақ бруцеллез ауруының тiркелуiне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгiленсiн.
2 2. Сайрам аудандық ветеринариялық бөлімі (Е.Оспанов) Ақбұлақ және Жібек-жолы ауыл округінің ветеринариялық инспекторларымен бірлесіп:
1 1) бруцеллез ауруы ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын және бруцеллез ауруына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың уақтысында жүргізілуін қамтамасыз етсін;
2 2) бруцеллез ауруы ошақтары орналасқан елді мекендерде халық арасында бруцеллез ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясына (М.Есболаев-келісімі бойынша) және Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқарамасына (А. Ахметов - келісім бойынша) «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 болып тіркелген) сәйкес тиісті шараларды қабылдау, бруцеллез ауруы ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын және бруцеллез ауруына қарсы ветеринариялық және санитариялық-ағартушылық іс-шараларының уақытысында сапалы жүргізілуіне бақылау қою ұсынылсын.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сапарбаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Сайрам аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Есболаев Молдабек
12.02.2010 жыл
Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы
12.02.2010 жыл