Құжат мәтініне өту

О льготном проезде в общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас

Өзге акт · № 389 · қабылданған 25.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51246/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О льготном проезде в общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас Күшін жойған Өзге акт ·№ 389 ·25.02.2010
29.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде в общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас

Күшін жойған Өзге акт ·№ 389 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде в общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас
Атауы (қаз.)
Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
389
Қабылданған күні
25.02.2010
Көрсетілген редакция
29.05.2015 51246_170738.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KG000103
ЭКБ идентификаторы
51246
Редакция идентификаторы
51246_170738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:56

0 Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Саран қаласы және Ақтас кентінде қоғамдық көліктерде (таксиден басқа), төмендегі санаттағы оқушылардың жол жүруіне жеңілдік беру белгіленсін:

1

1) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай-ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

2

2) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай-ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Восьмидомики кентіне дейін жол жүрсе, тегін жүру құқығына ие болады (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

3

3) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сондай–ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да, Саран қаласы қоғамдық көліктерінде жол жүрсе, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

4

4) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сондай–ақ гимназиялар мен лицей топтарындағы осы сыныптардың оқушылары да, "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Восьмидомики кентіне дейін жол жүрсе, бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

5

5) Ақтас кентінің жалпы білім беретін мектеп оқушылары, оныншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында жол жүрсе, тиісті оқу орнымен берілген арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, бірақ жол жүру аптасына екі реттен аспау керек (1 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

6 6) Саран қаласы қоғамдық көліктерінде, кәсіптік мектептердің, лицейлердің және колледж оқушылары тиісті оқу орнымен берілген оқушының немесе студенттік билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, (20 маусымнан 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

7

7) Саран қаласы N 4 кәсіптік лицей оқушылары "Ақтас кенті - Саран қаласы" N 90 маршрутында және "Қарағанды қаласы – Шахан кенті" N 127 маршрутында Саран қаласынан Шахан кентіне дейін жол жүрсе, тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетіп, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, бірақ жол жүру аптасына алты реттен аспау керек (1 шілдеден 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

8 8) жол жүру жеңілдігі қала ішінде үнемі жүретін автобустарға, маусымдық (саяжайға) маршруттарға берілмейді;

9 9) жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай-ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.

2

2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 21 сессиясының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 364 шешімінің күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8–7-99, "Ваша газета" газетінде 2009 жылы 31 желтоқсанда N 53 жарияланған).

3 3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Қолданыстағы