О дополнительных мерах по содействию занятости инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по содействию занятости инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 16.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2014 AI51267_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CF000100
- ЭКБ идентификаторы
- 51267
- Редакция идентификаторы
- AI51267_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:01
0 Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2, 5-3 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 және 3 тармақшаларына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем ету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік түріне қарамастан мүгедектерге, жалпы жұмыс орындарынан 3 пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін және мүгедектер үшін арнайы, сондай – ақ әлеуметтік жұмыс орындары құрылсын.
2
2. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 278 "Мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталау туралы" қаулысының (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-26 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 48 (44278) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 34 "Мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндгі қосымша шаралар туралы" қаулысы бұзылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
М.Жұмағазиев