Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Өзге акт · № 28/217 · қабылданған 24.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51272/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Күшін жойған Өзге акт ·№ 28/217 ·24.02.2010
24.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 28/217 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)
Атауы (қаз.)
Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/217
Қабылданған күні
24.02.2010
Көрсетілген редакция
24.02.2010 AI51272_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KD000176
ЭКБ идентификаторы
51272
Редакция идентификаторы
AI51272_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:56

0 Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Зейнетақылары және әлеуметтік жәрдемақылары 18325 теңге деңгейінен аспайтын жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. Әлеуметтік көмек мөлшері айына 900 теңге көлемінде белгіленсін. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап, көмекті алуға құқығы туындағаннан кейін тағайындалады. Осы аталған көмекті төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.

3 3. Көлікте жүруге әлеуметтік көмек келесі азаматтарға тағайындалатындығы және төленетіндігі анықталсын:

1 1) зейнеткерлерге;

2 2) жұмыссыз 3-ші топ мүгедектеріне;

3 3) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

4 4) зейнеткерлік жастағы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушыларға;

5 5) N 1, N 2 тізім бойынша жұмыс жасамайтын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға.

4

4. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Адамова Қ.Қ.) жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды және төлеуді келесі құжаттар негізінде мезгілінде қамтамасыз етсін:

1 1) көмек алушының банктік қызметтерді жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар мекемелерде жеке шоты көрсетілген өтініш;

2 2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттары;

3 3) азаматтарды тіркеу кітапшасы;

4 4) еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісім шарты (зейнеткерлерден басқа);

5 5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәлігі;

6 6) белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтама;

7 7) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу фактісінің жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы.

5 5. Ұсынылған құжаттардың шынайылығына өтініш берушілер жауапты. Сенімсіз мәліметтер беру барысында заңсыз тұрғыда тағайындалған және төленген жәрдемақылар әлеуметтік көмекті алушылардан өз еркімен немесе сотқа жүгіну арқылы қайтарылады.

6 6. Қосымшада көрсетілген кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ
Қала әкімі
Қ.Г. Тейлянов
22 ақпан 2010 жыл
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
З.С. Шлыкова
22 ақпан 2010 жыл
Қаржы бөлімінің бастығы
Ж.К. Томпиева
22 ақпан 2010 жыл
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Қ.Қ. Адамова
22 ақпан 2010 жыл

21 Қалалық мәслихаттың

2010 жылғы 24 ақпандағы
N 28/217 шешіміне
1 қосымша
Қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің
тізімі

1

1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-26 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 наурыздағы N 23 "Балқаш өңірі" газетінде, 2006 жылғы 6 қыркүйектегі N 59 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

2

2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 ақпандағы N 40/390 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-66 болып тіркелген, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 21 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 9 наурыздағы N 25-26 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

3

3. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 12 наурыздағы N 7/61 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-105 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 29 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 42 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

4

4. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы N 10/93 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-113 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 шілдедегі N 68 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 16 шілдедегі N 84 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

5

5. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 27 мамырдағы N 21/160 "Жеке санаттағы азаматтарға қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 ақпандағы N 30/276 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-145 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 маусымдағы N 71 "Балқаш өңірі" газетінде, 2009 жылғы 17 маусымдағы N 70 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

Қолданыстағы