О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дома
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дома
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 22.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2010 AI51279_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NH000150
- ЭКБ идентификаторы
- 51279
- Редакция идентификаторы
- AI51279_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:59
0 Үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына, Денисов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 170 "2010-2012 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-141 болып тіркелген) шешіміне сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты айлық мөлшерінде үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға оқу жылы мерзіміне ай сайын жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек көрсету.
2 2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай–уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3 3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге сәйкес тиісті операциялар түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
4 4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Үйде оқытылатып және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" атты бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қантарынан бастап орын алған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Д. Мұсылманқұлова
"Денисов ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Е. Подело