Қолданыстағы ред. 01.12.2009

Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру және өзгерту туралы от 01.12.2009 г. № 1258 (Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру және өзгерту туралы)

0

Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру
және өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау қаласындағы кейбір көшелердің атаулары:

1

1) Тобольская көшесі – Мәтеш Дүйсенғалиев;

2

2) Д. Бедный көшесі – Қалим Бекқалиев;

3

3) Атырау мөлтек ауданындағы № 14 көше – Мұқаш Жұмағазиев;

4

4) Атырау мөлтек ауданындағы № 20 көше – Алданған Нұрғалиев;

5

5) Атырау мөлтек ауданындағы № 30 көше – Тайыр Нысанов көшесі болып өзгертілсін.

2

2. Атырау қаласына қарасты кейбір кент және село көшелеріне:

1

1) "Жұмыскер-2" кентінің № 7 көшесіне – Зәкеш Юсуповтың;

2

2) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолы бойында жаңадан бой көтерген бірінші көшеге – Қисмет Көшалиевтың;

3

3) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолынан санағанда екінші көшеге – Қадірәлі Балмановтың;

4

4) Атырау қаласындағы Водозаборный өткеліне Мұхан Наурызалиевтің есімі берілсін.

3

3. Атырау қаласындағы Балықшы кенті мен Жұмыскер кентін Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Балықшы" атауы берілсін.

4

4. Атырау қаласындағы тұрғын үй қалашығы мен Авангард мөлтек ауданын Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Мұнайшы" атауы берілсін.

5

5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

6. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.