Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру және өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласына қарасты өткелге, көшелер мен көпірлерге атау беру және өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ және Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласындағы кейбір көшелердің атаулары:
Тармақша 1
1) Тобольская көшесі – Мәтеш Дүйсенғалиев;
Тармақша 2
2) Д. Бедный көшесі – Қалим Бекқалиев;
Тармақша 3
3) Атырау мөлтек ауданындағы № 14 көше – Мұқаш Жұмағазиев;
Тармақша 4
4) Атырау мөлтек ауданындағы № 20 көше – Алданған Нұрғалиев;
Тармақша 5
5) Атырау мөлтек ауданындағы № 30 көше – Тайыр Нысанов көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Атырау қаласына қарасты кейбір кент және село көшелеріне:
Тармақша 1
1) "Жұмыскер-2" кентінің № 7 көшесіне – Зәкеш Юсуповтың;
Тармақша 2
2) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолы бойында жаңадан бой көтерген бірінші көшеге – Қисмет Көшалиевтың;
Тармақша 3
3) Атырау селосындағы Атырау – Дамбы тас жолынан санағанда екінші көшеге – Қадірәлі Балмановтың;
Тармақша 4
4) Атырау қаласындағы Водозаборный өткеліне Мұхан Наурызалиевтің есімі берілсін.
Тармақ 3
3. Атырау қаласындағы Балықшы кенті мен Жұмыскер кентін Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Балықшы" атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Атырау қаласындағы тұрғын үй қалашығы мен Авангард мөлтек ауданын Жайық өзені арқылы жалғастыратын көпірге "Мұнайшы" атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Рысқалиев) жүктелсін.