Қолданыстағы ред. 05.01.2000 (Редакция 5131_258395.kaz)

Мәдениет және өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің сыйақылары туралы от 05.01.2000 г. № 1 (Мәдениет және өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің сыйақылары туралы)

0

Мәдениет және өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің сыйақылары туралы
«2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы 316 Жарлығын орындауда және Қостанай облысының мәдени әлеуетін сақтау мен дамыту, мәдениет және өнер қайраткерлерін материалдық жағынан қолдау мақсатында ШЕШТIМ:

1

1. Мәдениет және өнер саласындағы аса үздік жетістіктер үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің жыл сайынғы сыйақылары туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).

2

2. Облыс әкімінің сыйақысына кандидаттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы бекітілсін (2-қосымша).

3. Мәдениет және өнер саласындагы аса үздік жетістіктерге қол жеткізгені үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің сыйақылары туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
1-қосымша
Мәдениет және өнер саласындагы аса үздік жетістіктерге қол жеткізгені үшін берілетін Қостанай облысы әкімінің сыйақылары туралы ЕРЕЖЕ

1

1. Қостанай облысы әкімінің сыйақысы мәдениетті сақтау мен дамытуда аса үздік үлес қосқаны, барынша дарынды, бағдарламаның жаңашылдығымен ерекшеленгені және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін беріледі.

2

2. Қостанай облысы әкімінің сыйақысы жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша беріледі.

3

3. Сыйақылардың мөлшері мен санын, облыс әкімінің сыйақысына талаптанушы каңдидаттарды ұсынатын конкурстық комиссияның құрамын (бұдан әрі - Комиссия) Қостанай облысының әкімі бекітеді.

4

4. Қостанай облысы әкімінің сыйақыларына талаптанушы кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, мәдениет пен өнердің мекемелері мен кәсіпорындары, шығармашылық, одақтар облыстық мәдениет басқармасы арқылы жүргізе алады.

5

5. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері, өнер қайраткерлері, музыка шығармаларының, бейнелеу және театр өнерінің орындаушылары мен авторлары, олармен концерттерде, көрмелерде, театрларда, мұражайларда, кітапханаларда, клуб мекемелерінде, баспасөзде, теледидарда және радиода көпшілік кең түрде танысқаннан кейін ұсынылуы мүмкін.

6

6. Қостанай облысы әкімінің сыйақысына талаптанушы кандидатуралар Комиссияның қарауы үшін қабылданады.

7

7. Сыйақы беруге талап білдіруші театрлар мен филармонияның әртістері, авторлар немесе орындаушылар, мұражайлар, кітапханалар, клуб мекемелерінің қызметкерлері, шығармашылық ұжымдар басшылары ұсынылуы мүмкін. Бір талаптанушы екі немесе одан көп номинациялар бойынша ұсыныла алмайды. Комиссия мүшелері конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

8

8. Қостанай облысы әкімінің сыйақыларына талаптанушы кандидаттарды қарауға қабылданған тізім және оларды ұсынған ұйымдар әдеттегідей «Қостанай таңы» және «Костанайскиие новости» газеттерінде жарияланатьш болады.

9

9. Қостанай облысы әкімінің сыйақыларын беру туралы шешім комиссияның ашық отырысында, комиссиия құрамының кемінде 2/3 қатынасқанда, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Әкім сыйақы мен «Қостанай облысының әкімі сыйақысының лауреаты» атағын беру туралы тиісті дипломдар тапсырады.

13. Облыс әкімінің сыйақысына кандидаттар ұсыну жөніндегі конкурстық комиссиияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1 шешіміне
2-қосымша
Облыс әкімінің сыйақысына кандидаттар ұсыну жөніндегі конкурстық комиссиияның
ҚҰРАМЫ
1. Бектұрғанов Серік
Шыңғысұлы
- Қостанай облысы әкімінің орынбасары, төраға
2. Ғайсенова Римма Ғабдолқызы
- Қостанай облыстық мәденииет басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары
3. Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы
- А. Байгұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры (келісім бойынша)
4. Қазин Манарбек Ауанұлы
- Қостанай қаласы әкімінің орынбасары
5. Рыдченко Владимир Васильевич
- Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның директоры
6. Токарева Татьяна Владимировна
- Қостанай облысы әкімінің кеңесшісі
7. Харченко Сергей Васильевич
- аймақтық «Костанайскиие новости» газетінің бас редакторы (келісім бойьшша)