Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/144
- Қабылданған күні
- 02.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2016 51325_Some(102413).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10R000839_
- ЭКБ идентификаторы
- 51325
- Редакция идентификаторы
- 51325_Some(102413)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:52
0 Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін.
2
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы № 4/313 «2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыруға халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 817 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2009 жылғы 23 мамырдағы № 60 санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2009 жылғы 23 мамырдағы № 59 санында жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми түрде бірінші жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
1/144 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
2. Ұзақ уақыттан бері (алты және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Елу жастан асқан адамдар.