Қолданыстағы ред. 16.03.2010

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 16.03.2010 г. № 14 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере ортырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Киелітас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ынтымақ, Қожамжар, Байбұлақ, Алмалы, Келітас, Шойбек датқа, Атамекен, Бірлік атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Оспановқа жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.