Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере ортырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Киелітас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ынтымақ, Қожамжар, Байбұлақ, Алмалы, Келітас, Шойбек датқа, Атамекен, Бірлік атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.