Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков нарушения трудового законодательства Республики Казахстан участниками регионального финансового центра города Алматы

Қаулы · № 04.2-40/53 · қабылданған 02.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51338/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков нарушения трудового законодательства Республики Казахстан участниками регионального финансового центра города Алматы Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-40/53 ·02.03.2010
30.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков нарушения трудового законодательства Республики Казахстан участниками регионального финансового центра города Алматы

Күшін жойған Қаулы ·№ 04.2-40/53 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков нарушения трудового законодательства Республики Казахстан участниками регионального финансового центра города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04.2-40/53
Қабылданған күні
02.03.2010
Көрсетілген редакция
30.09.2011 AI51338_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006119_
ЭКБ идентификаторы
51338
Редакция идентификаторы
AI51338_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:52

0 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаменті (Тұрысбеков Д.С.):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының орынбасары Д.Қ. Нұрпейісовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 04.2-40/53 және
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 115 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу тәуекелдерінің дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Жеке кәсіпкерлік туралы» және    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерін жоғары, орташа не төмен тәуекел топтарына жатқызу үшін жасалған.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәуекел – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларымен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бұзу, жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу және шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу ықтималдығы;

2 2) жеке кәсіпкерлік субъектісі – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысы.

3 3. Бастапқыда жұмыс істеп тұрған және жаңадан тіркелген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушылары тәуекел дәрежесі жоғары тобына жатқызылады.

4 4. Бұдан соң Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушылары жүргізілген тексерулерді ескере отырып, осы Критерийлердің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жиналған баллдар сомаларына қарай тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді.

5 5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел топтарына бөлер кезде Критерийлер - жұмыскерлердің еңбек құқығын сақтауына қарай ескеріледі.

6 6. Жеке кәсіпкерлік субъектілері тәуекелдің Критерийлері ескеріле отырып тексеру жоспарына қосылады.

7 7. Критерийлерге мыналар жатады:

1 1) осы Критерийлердің 1-қосымшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық;

2 2) осы Критерийлердің 2-қосымшасына сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу;

3 3) осы Критерийлердің 3-қосымшасына сәйкес шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу.

8 8. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:

1 1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 20 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 10-нан 20 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 10 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

9 9. Жұмыскерлердің еңбек құқығын бұзу бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:

1 1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 15 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 7-ден 15 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 7 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

10 10. Шет ел жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу бойынша Критерийлерді бағалау келесі тәртіпте жүргізіледі:

1 1) жоғары тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі жылына бір рет болатын 15 және одан жоғары балл алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 3 жылда бір рет болатын 10-нан 15 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына жоспарлы тексерулер еселілігі 5 жылда бір рет болатын 10 баллға дейін алған жеке кәсіпкерлік субъектілері жатқызылады.

11 11. Көрсетілген Критерийлерді анықтау үшін есептік кезең болып тексеру жоспарланған жылдың алдыңғы күнтізбелік жыл табылады.

12

12. Тәуекелдік деңгейі жоғары немесе орташа жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің мерзімділігі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталған санына тәуелді болады және мұндай бұзушылықтардың саны аз болып шыққан жағдайда тексеру мүмкіндігі жоспарлы тексерулердің орнатылған базалық санынан сирек жүргізілуі мүмкін.
Тексерулер нәтижесінде бұзушылықтар анықталып, жоғары баллдар алынған жағдайда, тәуекел деңгейі орташа немесе төмен жеке кәсіпкерлік субъектілері сәйкесінше тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейіне ауыстырылатын болады.

13 13. Критерийлер топтары бойынша тексерулерді анықтау принциптері:

1 1) баллдар тәуекелдің тек бір тобы бойынша жиналған жағдайда тақырыптық тексеру жүргізіледі, басқа сөзбен айтқанда тек осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша ғана;

2 2) баллдар екі немесе одан көп тәуекел топтары бойынша жиналған жағдайда бақылаудың барлық мәселелері бойынша кешенді тексеру жүргізіледі.

14 14. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тәуекел дәрежесі бір деңгейдегі шеңберінде тексеру жүргізу үшін іріктеу басымдығы:

1 1) берілген (алынған) баллдар сомасының көптігі бойынша;

2 2) жоғарғы көрсетілген белгі бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда тексеру жоспарына ең көп мерзім тексерілмеген жеке кәсіпкерлік субъектілері қосылады.

1 Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын бұзу
тәуекелдерінің дәрежесін
бағалау критерийлеріне
1-қосымша
Тәу­е­кел топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер­дің дә­ре­же­сін ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл­дар
Негіз­де­ме
1. Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гін және ең­бек­ті қор­ғау са­ла­сын­да­ғы бұ­зу тәу­е­ке­лі
Бір­не­ше кі­сі өлі­міне әкеп соқ­қан жа­за­тай­ым оқи­ға (2 және одан көп адам)
15
Бір­не­ше адам­дар­ды ауыр за­рдап­тар­ға әкеп соқ­қан жа­за­тай­ым оқи­ға
10
Кі­сі өлі­міне әкеп соқ­қан жа­за­тай­ым оқи­ға (бір факт үшін)
8
Ауыр за­рдап­қа әкеп соқ­қан жа­за­тай­ым оқи­ға (бір факт үшін)
6
Же­ңіл, ор­та­ша за­рдап­қа әкеп соқ­қан жа­за­тай­ым оқи­ға (бір факт үшін)
1
Ең­бек шар­тта­ры бой­ын­ша жұ­мыс объ­ек­ті­ле­ріне ат­те­ста­ция жүр­гіз­бе­ге­ні үшін
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның өңір­лік қар­жы ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тін рет­теу агент­ті­гі­нің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы­ның ұй­ға­ры­мын және тек­се­ру ак­ті­сі
Жұ­мыс бе­ру­ші­нің жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты бол­ма­ға­ны үшін
7
Ең­бек­ті қор­ғау қыз­ме­ті бол­ма­ға­ны үшін
6
Жұ­мыс­кер­ді же­ке­ше қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ет­пе­ге­ні үшін
6
Жұ­мыста жа­за­тай­ым оқи­ға­лар бой­ын­ша тер­геу жүр­гіз­бе­ге­ні үшін
5
Жұ­мыс­кер­лер­ге оқу, нұс­қау жүр­гіз­бе­ге­ні үшін және бі­лі­мін тек­сер­ме­ге­ні үшін
4
Мін­дет­ті және мер­зім­ді ме­ди­ци­на­лық қа­рау жүр­гіз­бе­ге­ні үшін
3

2 Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын бұзу
тәуекелдерінің дәрежесін
бағалау критерийлеріне
2-қосымша
Тәу­е­кел топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер­дің дә­ре­же­сін ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл­дар
Негіз­де­ме
2. Жұ­мыс­кер­лер­дің ең­бек құқы­ғы са­ла­сын­да­ғы бұ­зу тәу­е­ке­лі
Жа­ла­қы­ны уақ­ты­лы тө­ле­ме­уі
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның өңір­лік қар­жы ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тін рет­теу агент­ті­гі­нің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы­ның ұй­ға­ры­мын және тек­се­ру ак­ті­сі
Ұжым­дық шар­тқа тұ­ру­дан негіз­сіз бас тар­ту және жал­та­ру
6
Ең­бек шар­тын жа­са­мау
5
Де­ма­лыс бер­меу
4
Үсте­ме жұ­мысқа заң­сыз тар­ту
3

3 Алматы қаласының өңірлік

қаржы орталығы қатысушыларымен
Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын бұзу
тәуекелдерінің дәрежесін
бағалау критерийлеріне
3-қосымша
Тәу­е­кел топ­та­ры
Тәу­е­кел­дер­дің дә­ре­же­сін ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Балл­дар
Негіз­де­ме
3. Шет ел жұ­мыс кү­шін тар­ту тәр­ті­бі са­ла­сын­да бұ­зу тәу­е­ке­лі
Ти­іс­ті рұқ­сат­сыз шет ел жұ­мыс кү­шін қол­да­ну
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның өңір­лік қар­жы ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тін рет­теу агент­ті­гі­нің ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы­ның ұй­ға­ры­мын және тек­се­ру ак­ті­сі
Рұқ­сат­тың ерекше шар­тта­рын орын­да­мау
5

Қолданыстағы