Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об освобождении владельцев дипломатических паспортов от визовых требований

Қаулы · № 216 · қабылданған 18.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51348/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об освобождении владельцев дипломатических паспортов от визовых требований Қолданыста Қаулы ·№ 216 ·18.03.2010
18.03.2010 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об освобождении владельцев дипломатических паспортов от визовых требований

Қолданыста Қаулы ·№ 216 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Словения об освобождении владельцев дипломатических паспортов от визовых требований
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
216
Қабылданған күні
18.03.2010
Көрсетілген редакция
18.03.2010 AI51348_0.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000216_
ЭКБ идентификаторы
51348
Редакция идентификаторы
AI51348_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:45

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылғы 11 қарашада Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін.

2 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
(2010 жылғы 5 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады),
достық қатынастарды нығайтуға және Тараптар мемлекеттері азаматтарының жүріп-тұруларына ықпал етуге тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Тараптар мемлекеттерінің азаматтары, жарамды дипломаттық паспорттардың иелері Тараптар мемлекеттерінің аумағына визасыз келе алады және онда алғашқы келген күнінен бастап есептегенде 6 (алты) ай ішінде 3 (үш) айдан аспайтын кезеңде бола алады.

2 2-бап

Осы Келісімнің 1-бабының ережелеріне қарамастан, Тараптар мемлекеттерінің азаматтары, Тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын, Тараптар мемлекеттерінің жарамды дипломаттық паспорттарының иелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын, Тараптар мемлекеттерінің жарамды дипломаттық паспорттары бар олардың отбасы мүшелері осы қызметкерлер болатын мемлекеттегі аккредиттеу рәсіміне байланысты ресмиеттіліктерді сақтаған жағдайда Тараптар мемлекеттерінің аумағында оларды тағайындау мерзімі аяқталғанға дейін еркін және визасыз болуға құқылы.

3 3-бап

Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы келе алады.

4 4-бап

Осы Келісім осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілген адамдарды 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген артықшылықтар, иммунитеттер және жеңілдіктер үшін және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын өзге де қолданылатын халықаралық шарттарға нұқсан келтірместен, Тараптар мемлекеттерінің аумағына келу және онда болу кезінде сол мемлекеттердің заңнамасын сақтау міндетінен босатпайды.

5 5-бап

Тараптардың әрқайсысы екінші Тарап мемлекетінің болуы қолайсыз деп танылған кез келген азаматының, дипломаттық паспорт иесінің, келуінен бас тарту немесе келу мерзімін қысқарту құқығын өздерінде қалдырады.

6 6-бап

Тараптардың әрқайсысы қоғамдық тәртіпті, ұлттық қауіпсіздікті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданылуын уақытша, толық немесе ішінара тоқтата тұруға құқылы. Тараптардың әрқайсысы осындай хабарламаны алған сәтте күшіне енетін немесе өзінің қолданылуын тоқтататын осындай шаралардың енгізілгені және алынып тасталғаны туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

7 7-бап

1 1. Осы Келісім күшіне енгенге дейін 30 (отыз) күн бұрын Тараптар дипломатиялық арналар арқылы өздерінің дипломаттық паспорттарының үлгілерімен алмасады.

2 2. Жаңа паспорттар енгізілген жағдайда Тараптар жаңа үлгілерді және қажетті ақпаратты дипломатиялық арналар арқылы, мүмкіндігінше, олар қолданысқа енгенге дейін 30 (отыз) күн бұрын жолдайды.

8 8-бап

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Келісім сияқты тәртіппен күшіне енетін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9 9-бап

1 1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.

2

2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы кез келген уақытта екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу жолымен оның қолданылуын тоқтатуға құқылы, мұндай жағдайда осы Келісім осындай хабарлама алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткенге дейін өз күшінде қалады.
2009 жылғы 11 қарашадағы Астана қаласында әрқайсысы қазақ, словен, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Словения Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
2009 жылғы 11 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

Қолданыстағы