Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

Қаулы · № 05-63 · қабылданған 01.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.06.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-51412/?version=51412_195333.kaz
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 05-63 ·01.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 05-63 · қабылданған 01.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05-63
Қабылданған күні
01.03.2010
Көрсетілген редакция
02.06.2011 · қолданыстағы 51412_195333.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
02.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DS000093
ЭКБ идентификаторы
51412
Редакция идентификаторы
51412_195333
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:53

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Ұйғыр аудандық мәслихатының 21 желтоқсан 2009 жылғы "Ұйғыр ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" N 30-1 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен – 45 Квт, 1 (бір) кіші газ балонның құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.

2 2. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турдыбакиев Турсунжан қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.

3 3. "Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Даутова Сахидам Молутқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.