Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы

Қаулы · № 28 · қабылданған 16.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-51414/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 28 ·16.02.2010
14.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 28 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
16.02.2010
Көрсетілген редакция
14.01.2011 · қолданыстағы 51414_191983.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DI000100
ЭКБ идентификаторы
51414
Редакция идентификаторы
51414_191983
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:01

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау мақсатында қосымша жеңілдіктерді көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Ескелді аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсанында "Ескелді ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 33-197 санды шешімін жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төмендегідей белгіленсін:

газ тұтыну – айына бір кішкене баллон;
электр қуаты айына 45 квт;
суық су есептегішімен бір адамға – 402 теңге;
пәтер үйлерде тұратындарға суық су -337 теңге; пәтер үйлерде тұратындарға канализация - 127 теңге;
жылыту тұрғын алаңының 18 ш. метріне 1076,4 теңге;
орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде тұратындарға жылына 1 рет 3 тонна көмірдің құны;

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы Мухаметқали Баймұратұлы Тілеуберген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға қосымша жеңілдіктерді төлеу кезінде көрсетілген тарифтерді басшылыққа алсын.

3 3. Аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Гулмира Мұқатайқызы Бейсекулова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А Әлібаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қолданыстағы